«Мектепке дейінгі білім беру» бөліміне арналған жалпы блок
Бұл бөлім анықтамалықтарды, «Мектепке дейінгі білім беруді» есепке алу жөніндегі құжаттарды, сондай-ақ есептер мен ведомостерді қамтиды.
Тарифтер, жеңілдіктер және балалар топтары қызметтерінің тізбесін теңшеу/баптау.
«Мектепке дейінгі білім берудегі есеп» бөлімінде жұмысты бастар алдында, бұдан әрі Фаворит АЖ-де мектепке дейінгі білім беру қызметтері үшін төлемақыны есептеуді пысықтау үшін келесі анықтамалықтарды баптау қажет:
- Балалар топтары
- Мектепке дейінгі білім беру қызметтері
- Қызметтер үшін тарифтер
- Жеңілдіктер
- Ақылы сабақтар кестесі
Балалар топтары.
https://www.youtube.com/watch?v=iaKhOXqwxYY
Ең алдымен, «Балалар топтары» анықтамалығын жасаймыз, ол «Мектепке дейінгі білім берудегі есеп» бөлімінде, «Анықтамалықтар» қойындысында орналасқан.
Жаңа анықтамалық жасау үшін кесте деректерін қарау ауқымында «Жаңа жазба қосу» батырмасын басамыз.
«Балалар тобы» анықтамалығы әрбір оқу жылы бойынша мынадай топтардың түрлері үшін толтырылады: кіші; орташа; үлкені; дайындық.
Толтыруды бастаймыз, мекеменің коды мен атауы автоматты түрде толтырылады, одан әрі топтың кодын көрсету керек, содан кейін топтың толық атауын қазақ және орыс тілдерінде, литерді ескере отырып жазу қажет.
Одан әрі төмен бағыттама арқылы оқу тілін таңдаймыз, логопедтік топтың келесі белгісі, ол үшін сөйлеуді түзету бағдарламасы қарастырылған, қажет болған жағдайда орнатамыз.
Одан әрі жұмыс режимін сағатпен белгілеу керек, яғни топ үшін бір күндік уақыт көлемі, айталық, 10,5 сағат.
Бұдан әрі көрсеткіні төмен түсіру арқылы топ үшін уақыт нормасын таңдау керек, мысалы, «01» - 5 күндік жұмыс аптасын (40 сағат) көрсетеміз.
Содан кейін анықтаманы құралдар тақтасындағы «Сақтау» батырмасы/түймешігі немесе тінтуірдің оң жақ пернесі арқылы сақтаймыз.
!!! Осылайша барлық қажетті топтарға арналған анықтамалықтарды толтырамыз.
Мектепке дейінгі білім беру қызметтері.
https://www.youtube.com/watch?v=B2BK2e3Bwjw
Бұдан әрі «Мектепке дейінгі білім беру қызметтері» анықтамалығын жасаймыз, ол «Мектепке дейінгі білім берудегі есеп» есепке алу бөлімінде, «Анықтамалықтар» қойындысында орналасқан. Ашамыз.
Кесте деректерін қарау ауқымында жаңа анықтамалық жасау үшін «Жаңа жазба қосу» батырмасын басамыз.
Толтыруды бастаймыз, алдымен қызметті көрсету керек, көрсеткіні төменге басамыз, деректерді қарау диапазоны шығады - мысалы, жұлдызшаларда «Тамақтану» көрсетеміз.
Егер қызмет сізде шығатын болса, онда өлшем бірліктерінің сізге қажеттілерге сәйкес келуін тексеріңіз. Ал егер ол сізде жоқ болса, онда «үш нүкте» түймешігі арқылы жаңа қызметті құруға көшуге болады. (Жаңа қызметті құру қажет болған жағдайда сіз «Жұмыстар/қызметтер» бөлімінде «Қызметтер номенклатурасы» анықтамалығын жасау нұсқаулығын көре аласыз).
Мысалда «Тамақтану» қызметі ашылған, сондықтан оны таңдаймыз, содан кейін Іске асыру қосымша бетін толтыруға көшеміз.
«Іске асыруда пайдалану» белгісін қоямыз, жұмыстарды/қызметтерді сатудан түскен кірістерді есепке алу шотын жазамыз, мысалы 6110 (бақшалар үшін 6010), аналитикада көрсетеміз - бұл қызметті есепке алу коды және қосымша белгі.
Содан кейін ҚҚС және КТС бабын таңдау керек. Бұдан әрі «ББК», «Ерекшелік» және «Қаржыландыру көзі» жолдарын қажет болған жағдайда толтырамыз.
«Тарифтер», «Графиктер» қойындылары қызметтер үшін тарифтерді және осы қызмет бойынша ақылы сабақтар кестелерін басқарады, қойындыларда тек өлшем бірлігі бойынша қызметке сәйкес келетін графиктер мен тарифтер көрсетіледі.
Одан әрі нысанды сақтаймыз. Осыған ұқсас түрде өз мекемеңіз үшін мектепке дейінгі білім берудің барлық қызметтерін іске қосыңыз/әзірлеңіз.
Қызметтер үшін тарифтер.
https://www.youtube.com/watch?v=1rU6fBM4AGQ
Қызмет көрсеткені үшін ата-ананың төлемі үшін тарифтік ставкалары бойынша деректерді енгізу үшін мынадай «Қызмет көрсеткені үшін тарифтер» анықтамалығын енгізу қажет, ол «Мектепке дейінгі білім берудегі есепке алу» есепке алу бөлімінде, «Анықтамалықтар» қойындысында орналасқан.
Кесте деректерін қарау ауқымында жаңа анықтамалық жасау үшін «Жаңа жазба қосу» батырмасын басамыз.
Мекеме, елді мекен автоматты түрде қойылады. Содан кейін қызмет үшін тариф кодын және тариф атауын жазамыз, мысалы, «Тамақтану» немесе «Хореография».
Келесі-ұйымд.нысанын көрсету (көрсетілген ұйымд.нысаны тиісті ұйымд.нысаны түрімен контрагент үшін тарифтің қолжетімділігіне байланысты болады), әдепкі бойынша «Жеке тұлға» нұсқасы көрсетілген.
Одан әрі төмен бағыттама арқылы «Тариф түрін» таңдау қажет - күндік тарифтік ставка, белгісіз, айына тариф (нақты бару бойынша), айлық тіркелген тариф немесе сағаттық тарифтік ставка. «Қызметтің Өлшем бірлігі» жолы автоматты түрде толтырылады.
«Өзгерістер тарихы» қойындысында осы тариф бойынша қызмет құнын көрсету үшін тінтуірдің оң жақ пернесі арқылы «Жол қосу» таңдап, тариф қолданысының басталу күнін көрсетеміз, мысалы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап тариф 21000 теңгені құрайды.
Одан әрі келесі «Қызметтер» қойындысына көшеміз, онда осы тариф бойынша іске асыру болжанатын қызметтерді баптау/теңшеу қажет. Қосымша бетте өлшем бірлігі бойынша тарифке сәйкес келетін қызметтер ғана көрсетіледі.
Баптау/Теңшеу оларды сілтемелері бар тиісті функционалдық батырмаларды/түймешіктерді пайдалана отырып, таңдалған элементтерді өріске жылжыту арқылы мүмкін. Егер сізде осы тарифке бірнеше қызмет сәйкес келсе, онда сіз оларды соза аласыз.
Содан кейін анықтаманы құралдар тақтасындағы «Сақтау» батырмасы/түймешігі немесе тінтуірдің оң жақ пернесі арқылы сақтаймыз.
Қызметтер үшін барлық қажетті тарифтерді дәл осылай бастаймыз.
Жеңілдіктер.
https://www.youtube.com/watch?v=NBsJZlaJ3oA
Жасауымыз
керек келесі
нәрсе – «Жеңілдіктер»
анықтамалығы.
Ол «Мектепке
дейінгі білім
берудегі есеп»
бөлімінде,
«Анықтамалықтар»
қойындысында
орналасқан,
ашамыз.
Кесте деректерін қарау ауқымында «Жаңа жазба қосу» батырмасын/түймешігін басамыз.
Толтыруды жеңілдіктің коды мен сипаттамасын көрсетуден бастаймыз, айталық, «10% жеңілдік (көп балалы)».
Содан кейін «Түрі» өрісіндегі көрсеткіні төмен басу арқылы жеңілдік түрін көрсету керек, мұнда екі нұсқа бар: жеке және жалпы. Мысал үшін жекені таңдаймыз.
Валютаны көрсетеміз.
Одан әрі құжаттың кесте бөлігіндегі «Өзгерістер тарихы» қойындысында тінтуірдің оң жақ пернесі арқылы «Жолды қосу» батырмасын/түймешігін басамыз, ұйымда қандай жеңілдік пайдаланылатынына байланысты әрекет етудің басталу күнін және жеңілдік пайызын немесе жеңілдік сомасын көрсетеміз.
Содан кейін келесі «Қызметтер» қойындысына өтеміз, мұнда сілтемелері бар тиісті функционалдық түймешіктерді пайдалана отырып, таңдалған элементтерді өріске жылжыту арқылы қызметтерді тіркеу мүмкіндігі бар.
Содан кейін анықтаманы құралдар тақтасындағы «Сақтау» түймешігі немесе тінтуірдің оң пернесі арқылы сақтаймыз.
Қызметтер бойынша барлық қажетті жеңілдіктерді дәл осылай жасаймыз.
Ақылы сабақтар кестесі.
https://www.youtube.com/watch?v=ATFK9ei2Kqo
Біз дайындауымыз қажет келесі анықтамалық - «Ақылы сабақтар кестесі». Бұл анықтамалық «Мектепке дейінгі білім берудегі есепке алу» есепке алу бөлімінде, «Анықтамалықтар» қойындысында орналасқан. Ол көбінесе сағаттық және күндізгі тарифтік ставкасы бар қызметтер үшін құрылады.
Кесте деректерін қарау ауқымында жаңа анықтамалық жасау үшін «Жаңа жазба қосу» батырмасын басамыз.
Ақылы сабақ кестесінің коды мен атауын көрсетеміз, мысалы «Хореография».
Содан кейін жүйе объектісін таңдауда төменгі көрсеткі арқылы қызметтің өлшем бірлігін көрсетеміз, мысал үшін «Сағат» деп көрсетеміз.
«Өзгерістер тарихы» қойындысы қосымша ақылы сабақтарды көрсету кестесінің өзгеру тарихын баптауға/теңшеуге мүмкіндік береді, ол үшін тінтуірдің оң жақ түймешігі арқылы құжаттың кесте бөлігіне жол қосамыз, кестенің басталу күнін және ақылы сабақтардың қажетті күндеріне сағаттарын қоямыз.
Әрі қарай, келесі «Қызметтер» қойындысына өтеміз, мұнда тиісті функционалды көрсеткі түймелерін қолдана отырып, оларды таңдалған элементтер өрісіне жылжыту арқылы қызметтер кестесіне тіркей аламыз.
Содан кейін анықтаманы құралдар тақтасындағы «Сақтау» түймешігі немесе тінтуірдің оң жақ пернесі арқылы сақтаймыз.
Ақылы сабақтардың барлық қажетті кестелерін дәл осылай жүргіземіз.
Мектепке дейінгі білім беру тәрбиеленушілерінің қозғалысын есепке алу
«Фаворит» жүйесінде мектепке дейінгі білім беру тәрбиеленушілерінің қозғалысын есепке алу үшін мынадай бірнеше құжаттар пайдаланылады: Баланы қабылдау туралы өтініш, оқуға қабылдау туралы бұйрық, топтан топқа ауыстыру туралы бұйрық, оқудан шығару туралы өтініш, оқудан шығару туралы бұйрық.
Баланы қабылдау туралы өтініш.
https://www.youtube.com/watch?v=ANNGQraUB0Q
Баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін бірінші кезекте «Баланы қабылдау туралы өтініш» толтыру қажет.
Құжат есепке алу бөлімінде - «Мектепке дейінгі білім берудегі есеп», «Құжаттар», «Баланы қабылдау туралы өтініш» қойындысында орналасқан.
Кесте деректерін қарау ауқымында жаңа құжат жасау үшін «Жаңа жазба қосу» түймешігін басу керек.
Толтыруды қабылдау туралы өтініштің нөмірі мен күнін көрсетумен бастаймыз.
Одан әрі баланың жеке деректерін - тегін, атын, әкесінің атын көрсетеміз.
Содан кейін баланың ЖСН енгіземіз, қажет болған жағдайда «ЖСН тексерілмесін» белгісін қою мүмкіндігі бар.
Одан әрі топтағы оқу тілін (топта оқу тілін таңдау үшін тиісті тиісті қойындыда көрсеткіні төмен басу қажет) және қабылдау күнін таңдаймыз.
Келесі өрісте баланың мекемеге қайдан келгенін көрсете аламыз.
Содан кейін қабылдау үшін негіздемені, нөмірін, күнін көрсетеміз
Бала бойынша мәліметтерді толтыруға көшеміз: көрсеткіні төменге басып, тізімнен азаматтығы бар елді таңдап көрсетеміз.
Одан кейін баланың туған күнін енгіземіз, көрсеткіні төменге басып, тізімнен жынысын таңдап көрсетеміз.
Содан кейін көрсеткіні төменге басып тізімнен ұлтын тауып енгіземіз, негіздеме өрісінен тәрбиеленушінің жеке басын куәландыратын құжатты таңдаймыз, мысалы, «95 - Туу туралы куәлік» және оның сериясы, нөмірі, берілген күні және кім берді».
Келесі қойынды «Үйінің мекенжайы».
Мекенжайдың түрін таңдаймыз, тіркелу бойынша немесе нақты, көрсеткі төменге басу арқылы керектісін таңдап, көрсетілген мекенжай бойынша тіркелген күнін көрсетеміз.
Одан әрі елді, облысты, ауданды, елді мекенді таңдаймыз (көрсеткі төменге басу арқылы қажеттісін таңдап) және қажет болған жағдайда пошта бөлімшесінің индексін көрсетеміз.
Содан кейін тәрбиеленушінің көшесін, үй нөмірін, пәтер нөмірін және үй телефонын енгіземіз.
Бұдан әрі «Өтініш берушілердің деректері» қойындысын толтырамыз, онда баланың ата-анасы немесе қамқоршылары туралы ақпаратты толтыру қажет: Т.А.Ә, жұмыс орны, телефондары және имейлдері.
«Хабарламаларды жіберу» өрісінде көрсеткіні төменге басып хабарлама-шоттар бойынша хабарламаларды жіберудің нақты электрондық пошталық мекенжайын тізімнен таңдап көрсету қажет.
Келесі «Ақылы қызметтер» қойындысы.
Онда балаға көрсетілетін барлық мектепке дейінгі қызметтерді көрсету қажет. Мысалы: балаларды бағу, тамақтандыру, хореография және т.б. Бұл үшін «Жол қосу» түймешігін пайдаланамыз, қызмет өрісінде «Тізімді көрсету» командасы арқылы қажетті қызметті таңдаймыз.
Кесте деректерін қарау ауқымында «Бәрін қалпына келтіру» - «ОК» түймешігін басамыз.
Өлшем бірлігі мен басталу күні автоматты түрде толтырылады, қажет болған жағдайда түзетеміз.
Одан әрі қызмет көрсету үшін тарифті таңдаймыз, егер қажет болса, кестені және жеңілдікті көрсетеміз (тінтуірдің оң жақ түймесін басып, тізімді көрсетуді таңдаймыз. Ашылған терезеде қажетті мәнді таңдаймыз).
Егер қызметтер бірнешеу болса, онда әрекетті қайталаймыз: тағы да «Жол қосу» түймесін басамыз, келесі қызметті және оған сәйкес тарифті, кестені және жеңілдікті таңдаймыз.
Одан әрі орындаушының табельдік нөмірін көрсетеміз, баланы қабылдау туралы өтінішті сақтаймыз және оған қол қоямыз.
Бұл кезеңде жүйе «Баланың жеке карточкасы» және «Балалардың мекенжайлары» құжаттарын автоматты түрде жасайды, қажет болған жағдайда карточкаға көшуге және ақпаратты толықтыруға немесе түзетуге болады.
Бұрын енгізілген өтініштердің тізімін қарау үшін «Қабылдау туралы өтініш» құжаттарына өту қажет. Деректерді қарау ауқымын ашқанда «Бәрін қалпына келтіру» - «ОК» түймешігін басыңыз, ашылған терезеде «Тізім» қойындысына өтіңіз.
Назар аударыңыз!!! Жаңадан енгізілген бала бойынша «Сынып коды» бағанында деректер жоқ. Бұл баланың оқу тобына қабылданбағанын білдіреді. Баланы топқа қабылдау үшін келесі қадам қабылдау туралы бұйрықтарды дайындау болады.
Баланы қабылдау туралы бұйрық.
https://www.youtube.com/watch?v=41N2FgwS0Iw
Баланы қабылдау туралы бұйрықты жасау үшін баланы қабылдау туралы өтініште жеке жазбада тінтуірдің оң жақ батырмасын басу керек және шыққан терезеде «Баланы қабылдау туралы бұйрықты дайындау» командасын таңдау қажет.
Дайындалған бұйрықта бұйрықтың нөмірі мен күнін көрсету қажет, кестелік бөлімде әрбір тәрбиеленуші үшін көрсеткіні төменге басу арқылы балалар тобын таңдау және ашылған терезеде қажетті топты таңдау қажет. Басшының табельдік нөмірі қабылдау туралы өтініштен автоматты түрде тартылады, одан әрі бұйрықты сақтаймыз және қол қоямыз.
Балаларды қабылдау туралы бұйрық.
https://www.youtube.com/watch?v=OULegcOCMvw
Егер бірден бірнеше тәрбиеленушіні қабылдау қажет болса, онда «Балаларды қабылдау туралы бұйрық» дайындаймыз.
Бұл бұйрық «Мектепке дейінгі білім беруді есепке алу» - «Құжаттар» - «Балаларды қабылдау туралы бұйрық» бөлімінде орналасқан.
Кесте деректерін қарау ауқымында жаңа құжат жасау үшін «Жаңа жазба қосу» түймешігін басу қажет.
Жасалған құжатта бұйрықтың нөмірі мен күні, бұйрықтың басталу күні көрсетілуі керек.
Құжаттың кесте бөлігінде тінтуірдің оң жақ түймешігімен мәтінмәндік мәзірді шақырып, «Жолдарды тізіммен қосу» командасын таңдаңыз.
Ашылған тізімнен топқа қабылдануы тиіс балаларды таңдаймыз (таңдалған балалардың тұсына құсбелгі қойылады), «Дайын» түймесін басамыз.
«Топ» бағанында тінтуірдің оң жақ түймешігімен мәтінмәндік мәзірді шақырып, «Тізімді көрсету» дегенді таңдаймыз.
Әрі қарай, пайда болған терезеде балалар қабылданатын топты таңдау керек. Содан соң, «OK» түймесін басамыз.
Осылайша, бұйрықта барлық балалардың топтарын қоямыз.
Енді «Сақтау» түймешігін басу арқылы бұйрықты сақтаймыз, содан кейін бұйрыққа қол қоямыз, егер «Қолы» түймешігі сары түспен көрсетілсе, бұл құжатқа қол қойылмағанын және одан әрі есепке алынбайтынын білдіреді.
Баланың жеке карточкасы.
https://www.youtube.com/watch?v=7UkVvQtWdmM
Мектепке дейінгі мекемеде балалардың жеке деректерін көрсетуге «Баланың жеке карточкасы» құжаты арналған. Оны қарау үшін «Мектепке дейінгі білім берудегі есеп» есеп бөліміне, «Құжаттар» койындысына өту қажет.
Бұл жазбаны жасаудың қажеті жоқ, себебі ол баланы қабылдау туралы құжаттардың негізінде автоматты түрде жасалады, сондықтан кестелерді қарау ауқымында «ОК» түймешігін басамыз және осы құжаттың барлық жазбаларын қарау үшін «Тізім» қойындысына өтеміз.
Деректерді нақтылау үшін сүзгіні/фильтр пайдалануға, оқушының кодын, нөмірін, жасалған күнін және т.б. көрсетуге болады.
Қажетті балаға жеке жазба ашамыз және Карточканың бірнеше қойындысы бар екенін көреміз. Құжатты өңдеу үшін (қажет болған жағдайда) құралдар тақтасындағы «Өзгерту» командасын басамыз.
Бірінші қойынды «Жынысы, ұлты, азаматтығы».
Бұл қойындының деректері «Баланы қабылдау туралы өтініштен» автоматты түрде көтерілді, бұл: ЖСН, жынысы, азаматтығы, ұлты, оқу тілі, ана тілі және бала бірінші сыныпқа қабылданға дейін қай жерде тәрбиеленген (оқыған).
Мысал үшін «ана тілі» өрісін өзгертуге болады.
Келесі
қойынды баланың
туған күні мен
жері туралы,
жеке басын
куәландыратын
құжат туралы
ақпаратты
білдіреді.
Қажет болған
жағдайда жетіспейтін
деректерді
енгіземіз.
Содан кейін «Оқушының тұрғылықты жері, ата-анасы немесе оларды алмастыратын адамдар туралы ақпарат» жазылады.
Бұл қойындыдағы деректер де өтініштен көшіріледі, қажет болған жағдайда оны өзгертуге немесе толықтыруға болады.
Соңғы қойындыда ақпарат балаға арналған тиісті бұйрықтардан алынады, оған осы мектепке дейінгі мекемеден басқа мекемеге ауысу және басқа да шығу туралы мәліметтер кіреді.
Барлық
қажетті деректерді
жеке карточкаға
енгізгеннен
кейін оны сақтау
керек, мұны
құралдар тақтасындағы
«Сақтау» түймешігі
арқылы жасауға
болады.
Балалардың мекенжайлары.
https://www.youtube.com/watch?v=5FYf2AQ15YU
«Балалардың мекенжайлары» құжаты баланы қабылдау туралы өтініш негізінде автоматты түрде жасалады. Ол «Мектепке дейінгі білім берудегі есеп» есепке алу бөлімінде, «Құжаттар» қойындысында болады.
Бұрын жасалған жазбаларды қарау үшін кесте деректерін қарау ауқымында «ОК» түймешігін басу керек, сонымен қатар қосымша жазбаларды мына параметрлер бойынша сүзгілеуге болады: оқушы, тіркеу күні, қала және т.б.
Мысалда барлық жазбаларды ашамыз, сондықтан «ОК» түймесін басып, «Тізім» қойындысына көшеміз, онда балалардың бұрын жасалған барлық мекенжайларын көруге болады.
«Жеке жазба» қойындысына көшеміз, бұл құжатта мекеме туралы ақпарат, баланың Т.А.Ә, мекенжайының түрі, тіркелген күні, елі, облысы, ауданы, қаласы, индексі, үй, корпус, пәтер нөмірі, телефон нөмірі көрсетіледі.
Бұл деректердің барлығы бұрын баланы қабылдау туралы өтініште «Үй мекенжайы» қойындысында көрсетілген болатын.
Егер өтінішті толтыру кезінде кейбір деректер көрсетілмесе немесе оларды өзгерту қажеттілігі бар болса, онда құралдар тақтасында«Өзгерту» түймешігін басып, одан әрі қажетті ақпаратты көрсету қажет, мысал үшін мекенжайды өзгертеміз, пәтердің нөмірі мен телефон нөмірін қосамыз.
Содан кейін құралдар тақтасында «Сақтау» командасын таңдау арқылы құжатты сақтаймыз, немесе тінтуірдің оң жақ батырмасымен мәтінмәндік мәзірді шақырып, «Сақтау» командасын таңдаймыз.
Егер қабылдау туралы өтініште баланың мекенжайы туралы деректер көрсетілмесе, онда құралдар тақтасында «Жаңа жазба қосу» түймешігін басуға, одан әрі баланың Т.А.Ә, тіркеу күнін, облысын, ауданын және барлық қажетті деректерді көрсетуге, содан кейін құжатты сақтауға болады.
Балаларды топтан топқа ауыстыру.
https://www.youtube.com/watch?v=QG9t53jQPbc
Жұмыс барысында баланы бір топтан екіншісіне ауыстыру жағдайы туындауы мүмкін. Ол үшін жүйеде «Балаларды басқа топқа ауыстыру туралы бұйрық» жасау қажет.
Баланы басқа топқа ауыстыру туралы құжатты толтыру «Мектепке дейінгі білім берудегі есеп» есепке алу бөлімінде орналасқан, одан әрі «Құжаттар» қойындысынан «Баланы басқа топқа ауыстыру туралы бұйрықты» таңдаймыз.
Кесте деректерін қарау ауқымында жаңа бұйрықты жасау үшін «Жаңа жазба қосу» түймешігін басу немесе «ОК» түймешігін басу және бұрын жасалған бұйрықтарды қарауға болатын Тізім қойындысына өту қажет. Мысалда «Жаңа жазба қосу» таңдаймыз.
Толтыруды бастаймыз, «Мекеме» және «Бұйрық санаты» автоматты түрде толтырылады.
Бұдан әрі бұйрықтың нөмірі мен күнін, сондай-ақ бұйрықтың күшіне енетін күнін көрсетеміз.
Одан әрі тапсырмалар тақтасында немесе құжаттың кесте бөлігінде тінтуірдің оң жақ түймешігін басып, «Жолдарды тізіммен қосу» түймешігін таңдаңыз.
Ашылған терезеде бала ауыстырылатын топты таңдап, «Келесі» түймешігін басамыз.
Содан кейін келесі терезеде аталған топта оқитын балалардың тізімі шығады. Аударылатын баланы немесе балаларды таңдап, «Дайын» дегенді басу қажет.
Топ өрісінде тінтуірдің оң жақ түймешігі арқылы «Тізімді көрсетуді» басу қажет.
Ашылған терезеде баланың қай топқа ауыстырылатынын таңдау қажет, біздің жағдайда бала «Солнышко» тобынан «Росинки» тобына ауыстырылды.
Одан әрі орындаушының табельдік нөмірін көрсетеміз, «Балаларды топтан топқа ауыстыру туралы бұйрықты» сақтаймыз және оған қол қоямыз.
Тәрбиеленушілердің мектепке дейінгі мекемеден шығуы
Жұмыс барысында бала мектепке дейінгі ұйымнан шығатын жағдай туындауы мүмкін. Ол үшін жүйеде баланы оқудан шығару туралы өтініш, сондай-ақ шығу туралы бұйрықтар жасау қажет.
Баланы шығару туралы өтініш.
https://www.youtube.com/watch?v=99rAfVlhluw
Ең алдымен, «Мектепке дейінгі білім берудегі есеп» бөлімінде, «Құжаттар» қойындысында орналасқан «Баланы шығару туралы өтінішті» толтыру қажет.
Бұрын жасалған жазбаларды қарау үшін кесте деректерін қарау ауқымында «ОК» түймешігін басып, «Тізім» қойындысына өтуге болады, ал жаңа құжатты жасау үшін «Жаңа жазбаны қосу» түймешігін таңдаймыз.
Толтыруды бастаймыз, «Мекеме» және директордың табельдік нөмірі автоматты түрде толтырылды.
Өтініштің нөмірі мен күнін көрсетеміз. Егер нөмір көрсетілмесе, онда құжатты сақтау кезінде оған өсу тәртібімен келесі қол жетімді нөмір автоматты түрде беріледі.
Одан әрі «Шығаруыңызды сұраймын» өрісінде көрсеткіні төмен басып және тізімнен тиісті баланы таңдаймыз.
Тиісті баланы іздеуді жеңілдету үшін «Деректерді алу» таңдаңыз, содан кейін кесте деректерін қарау ауқымы ашылады, онда біз *... * арқылы іздеген деректерді енгізіп, «ОК» түймешігін басамыз.
Баланы таңдағаннан кейін «Из» өрісін толтырамыз, яғни топ, сондай-ақ «Баланың деректері», «Үй мекенжайы» және «Өтініш берушілердің деректері» қосымша қойындылары таңдалған тәрбиеленушіден автоматты түрде толтырылады.
Содан кейін баланы шығару күнін тексереміз.
Одан әрі тізімнен «Кету себебін» таңдау керек, оқуды аяқтау, тұрғылықты жерін ауыстыру, үйде оқыту нысанына көшіру және т.б. нұсқалар бар.
Бұдан әрі «Фаворит» есепке алу жүйесін пайдаланған жағдайда бала шығатын ұйымды көрсету мүмкіндігі бар.
Қажет болған жағдайда «Негіз» өрісі толтырылады.
Содан кейін орындаушының табельдік нөмірін көрсетеміз.
Құжатты құралдар тақтасында сақтаймыз немесе тінтуірдің оң жақ батырмасы арқылы мәтінмәндік мәзірді шақырып, «Сақтау» командасын таңдаймыз. Әрі қарай өтінішке қол қоямыз, құжат «Қолтаңба» батырмасын басқаннан кейін ғана есепке алынатынын атап өту маңызды.
Бұдан әрі тінтуірдің оң жақ батырмасының көмегімен «Баланың шығуы туралы бұйрық» немесе «Балалардың шығуы туралы бұйрық» дайындау қажет.
Баланың шығуы туралы бұйрық.
https://www.youtube.com/watch?v=ncXzBPv8ee8
«Баланың шығуы туралы бұйрықты» жасау үшін баланы шығару туралы өтініште жеке жазбада тінтуірдің оң жақ пернесін басу және қалқыған терезеде «Баланы шығару туралы бұйрықты дайындау» командасын таңдау қажет.
Бұдан әрі жүйемен ішінара толтырылған бұйрық жасалады, оның деректері өтініштен көшіріледі.
Құжаттың нөмірі мен күнін көрсетеміз.
Содан кейін бұйрықтың күшіне енетін күнін жазамыз.
«Мәтіндер» қойындысында бұйрықтың жазбаша бөлігін басып шығаруға немесе «Үлгі бойынша толтыру» түймешігі арқылы дайын үлгіні пайдалануға болады.
Қажетті ақпаратты толтырғаннан кейін басшының табельдік нөмірін тексеріп, құралдар тақтасындағы «Сақтау» түймешігі арқылы құжатты сақтаймыз.
Содан кейін оған қол қоямыз, себебі егер «Қолы» батырмасы сары түспен жарықтандырылса, құжат одан әрі есепке алынбайды
Балаларды шығуы туралы бұйрық.
https://www.youtube.com/watch?v=MeMZ1xt9sfM
Егер бірден бірнеше тәрбиеленушіні оқудан шығару қажет болса, онда «Балалардың шығуы туралы бұйрық» дайындаймыз.
Бұл бұйрық «Мектепке дейінгі білім беруді есепке алу» бөлімінде орналасқан, «Құжаттар» қойындысында «Балалардың шығуы туралы бұйрық» ашамыз.
Кесте деректерін қарау ауқымында жаңа құжат жасау үшін «Жаңа жазба қосу» түймешігін басу қажет.
Жасалған құжатта бұйрықтың нөмірі мен күнін, бұйрықтың қолданыла бастаған күнін көрсету қажет.
«Бұйрықтың санаты» өрісі автоматты түрде «Балалардың шығуы туралы бұйрық» ретінде толтырылады.
Одан әрі шығу себебін көрсету қажет. Көрсеткіні төмен басып келесі себептерді көруге болады: оқудың аяқталуы, білім беру қызметін жүзеге асыратын басқа ұйымға ауыстыру, үйде оқыту нысанына ауыстыру, тұрғылықты жерін ауыстыру және т.б.
Құжаттың кестелік бөлігін толтыру үшін құралдар тақтасындағы «Жолдарды тізіммен қосу» командасын таңдаймыз немесе құжаттың кестелік бөлігіндегі тінтуірдің оң жақ түймешігі арқылы мәтінмәндік мәзірді шақырамыз.
Бұдан әрі «Тізімнен таңдау» терезесі пайда болады, онда келесі командалар бар: бөлектеу, тазалау, таңдау.
Олардың көмегімен қажетті топты таңдап, «Әрі қарай» түймесін басамыз, содан кейін шығару керек балаларды таңдаймыз.
Одан әрі «Дайын» түймешігін басамыз.
Қажетті ақпаратты толтырғаннан кейін басшының табельдік нөмірін тексеріп, құралдар тақтасындағы «Сақтау» түймешігі арқылы құжатты сақтаймыз.
Содан кейін оған қол қоямыз, себебі егер «Қолы» батырмасы сары түспен жарықтандырылса, құжат одан әрі есепке алынбайды.
Қажет болған жағдайда бұйрықты «Есеп» командасы арқылы екі тілде басып шығаруға болады.
Мектепке
дейінгі білім
беру тәрбиеленушілерінің
қатысуын есепке
алу
Балалардың болмауы туралы құжаттар.
https://www.youtube.com/watch?v=lTEAfGH7B6w
Мектепке дейінгі мекемелерде сабақтарда балалардың болмауын есепке алуды жүргізу үшін «Балалардың болмау құжаттары» деген жазба жасалады. Ол «Мектепке дейінгі білім берудегі есеп» есепке алу бөлімінде, «Құжаттар» қойындысында орналасқан.
Бұрын жасалған жазбаларды қарау үшін кесте деректерін қарау ауқымында «ОК» түймешігін басу, содан кейін «Тізім» қойындысына өту немесе жаңа құжат жасау үшін «Жаңа жазба қосу» командасын басу керек.
Одан әрі толтыруды бастаймыз, мекеменің коды мен атауы автоматты түрде толтырылады.
Содан кейін құжаттың нөмірі мен күнін көрсетеміз.
Келесі «Топ» өрісі, онда балалар оқитын топты көрсетеміз.
Одан әрі болмау себебін көрсетеміз, ол үшін өріске кіреміз және нұсқаларды көреміз: баланың сырқаты, ата-анасының демалысы, санаториялық-курорттық, баланың емі және т.б.
Содан кейін «Болмау кезеңі» өрісіне көшеміз, онда баланың қай күннен қай күнге дейін болмаған күнін көрсету керек.
Болмау түрі, мұнда екі нұсқа ұсынылған: ақы төленетін немесе ақы төленбейтін, қажеттісін таңдаймыз.
Сондай-ақ қажет болған жағдайда «Негіздеме» мәтіндік өрісін түзетеміз.
Содан кейін құжаттың кестелік бөлігін толтыруға көшеміз, ол үшін құралдар тақтасындағы «Тізімге жолдар қосу» түймешігін қолдануға болады.
Жоқ баланы таңдап, «Дайын» дегенді басамыз.
Содан кейін өзгерістер күшіне енетін күнді көрсетеміз және осы құжатты орындаушының табельдік нөмірін енгіземіз.
Содан кейін құралдар тақтасындағы «Сақтау» түймешігі арқылы жазбаны сақтаймыз.
Содан кейін құжатқа қол қою керек, егер «Қолы» түймешігі сары түспен жарықтандырылса, онда бұл оның қол қойылмағанын және одан әрі есепке алынбайтынын білдіреді.
Осылайша, жоқ болған барлық балалар бойынша «Балалардың болмауы туралы құжаттар» толтырылады. Келесі қадам балалардың келуін есепке алу табелін толтыру болады.
Балалардың қатысуын есепке алу табелі.
https://www.youtube.com/watch?v=a9SvqqzZupc
«Балалардың қатысуын есепке алу табелі» құжаты - ата-аналарға балаларды күтіп-бағу үшін төлеуге тиесілі сомаларды есептеу үшін қызмет етеді, ол ай сайын әрбір топқа толтырылады. Бланкiге белгi келмеген жағдайда (ауруы, ата-анасының демалысы және басқа себептер) қойылады.
Бұрын жасалған жазбаларды қарау үшін кесте деректерін қарау ауқымында «ОК» түймешігін басу, содан кейін «Тізім» қойындысына өту керек, ал жаңасын жасау үшін «Жеке жазба» қойындысындағы «Жаңа жазба қосу» командасын басамыз.
Толтыруды табельдің нөмірі мен күнін көрсетуден бастаймыз, содан кейін құжат қай айда және жылы толтырылады.
Есепке алу күні көрсетілген айдан бастап автоматты түрде толтырылады.
Одан әрі қажетті топты таңдаймыз, ол үшін «Балалардың қатысуын есепке алу табелі» жасаймыз.
Топты таңдағаннан кейін, өрістер: уақыт нормасы, күнтізбелік және жұмыс күндерінің саны, сондай-ақ жұмыс режимі автоматты түрде толтырылады.
Құжаттың кесте бөлігінде «Жолдарды тізіммен қосу» түймешігі арқылы осы топтың барлық балаларын немесе қажетті балаларын көрсетуге болады.
Балалардың болмауының бұрын толтырылған барлық құжаттары табельде көрсетілгеніне назар аударыңыз, бірақ қажет болған жағдайда табельде қажетті балада қажетті күннің жоқтығын көрсетуге болады, «Тізімді көрсету» командасы арқылы қатысуға, демалыс немесе мереке күнін, ақы төленетін немесе ақы төленбейтін болмауды немесе тізімдік саннан тыс таңдауға болады.
Одан әрі «Болмау құжаттары және қолданыстағы бұйрықтар» қойындысында таңдалған балаларға көрсетілген айдағы бұрын жасалған құжаттарды көруге болады.
Қажет болған жағдайда ескертуде көрсетілуі мүмкін: табель толтырылатын ай және топ, бұл жағдайда ай - қыркүйек, топ - Солнышко.
Одан әрі топ басшысының табельдік нөмірін толтырамыз және орындаушының табельдік нөмірін көрсетеміз.
Содан кейін мәтінмәндік мәзірді тінтуірдің оң жақ батырмасы арқылы шақырып, «Сақтау» командасында немесе құралдар тақтасында таңдап, құжатты сақтаймыз.
Сақталғаннан кейін құжатқа қол қою қажет, себебі қол қойылған құжат одан әрі есепке алынады.
Қажет болған жағдайда «Балалардың қатысуын есепке алу табелі» құралдар тақтасындағы «Есеп» түймешігін басу арқылы табельді орыс және қазақ тілдерінде жүктеп, басып шығаруға болады.
Осылайша, балабақшалар мен мектептен тыс мекемелердің барлық топтарына балалардың қатысуын есепке алу табельдері жасалады. Келесі қадам төлемақыны есептеу құжаттарын дайындау болады.
Қызметтер үшін төлемді есептеу/шоттарды қалыптастыру
Жеке шоттар (шарттар).
https://www.youtube.com/watch?v=bqUv0N8bWqk
Ақылы қызметтер болған жағдайда келесі қадам «Жеке шоттар (шарттар)» құру болады. Ол үшін баланы қабылдау туралы өтініштің негізінде тінтуірдің оң жақ батырмасы арқылы құжатта «Жеке шоттарды (шарттарды) дайындау» командасын таңдаймыз.
Анықтамалық ішінара толтырылады, бар болғаны шарттың нөмірін көрсету керек, «Шартқа ерекшелік» қойындысында өтініште көрсетілген барлық мектепке дейінгі білім беру қызметтері көрсетіледі, қажет болған жағдайда осы кезеңде түзетулер енгізе аламыз.
Одан әрі контрагенттің (яғни ата-анасының немесе қамқоршысының) деректемелерін және кәсіпорынның деректемелерін тексереміз.
Содан кейін құралдар тақтасындағы «Сақтау» түймешігі арқылы «Жеке шоттар (шарттар)» анықтамалығын сақтаймыз.
Балабақшалар мен мектептен тыс мекемелердің тәрбиеленушілерінің барлық контингенті үшін қабылдау осыған ұқсас толтырылады.
Жеке шоттар бойынша қызметтерді басқару.
https://www.youtube.com/watch?v=GS2gd9QcWz0
«Жеке шоттар бойынша қызметтерді басқару» құжаты жеке шоттар бойынша көрсетілетін қызметті беру не қызметтер бойынша тарифті, кестені немесе жеңілдікті өзгерту қажет болған жағдайда, сондай-ақ мектепке дейінгі балалар үшін жеке шоттар/шарттар бойынша көрсетілетін қызметті тоқтату қажет болған жағдайда толтырылады.
Құжатты толтыру үшін «Мектепке дейінгі білім берудегі есеп» есепке алу бөліміне өтіп, содан кейін «Құжаттар» қойындысын таңдап, қажетті құжатты ашу керек.
Бұрын жасалған жазбаларды қарау үшін кесте деректерін қарау ауқымында «ОК» түймешігін басып, содан кейін «Тізім» қойындысына өту керек немесе жаңа құжатты жасау үшін «Жаңа жазба қосу» командасын таңдаймыз.
Толтыруды бастаймыз. Мекеменің коды мен атауы автоматты түрде қойылады.
Одан әрі құжаттың нөмірі мен күнін көрсету қажет.
Содан кейін «Топ» өрісін толтырамыз, ол үшін көрсеткіні төмен басып, жүйеде бұрын ашылған барлық топтар көрсетілген тізімнен таңдаймыз.
Келесі операция түрін таңдаймыз, бар нұсқалар: 1-Жеке шоттар бойынша қызметті беру, яғни таңдалған топтың балаларына мектепке дейінгі білім берудің жаңа қызметін ұсынуға болады; 2-Тарифті, кестені, қызметтер бойынша жеңілдіктерді өзгерту - операцияның бұл түрі берілген қызметте тарифті, кестені немесе жеңілдікті өзгертуді көздейді; 3-Жеке шоттар бойынша қызметтің тоқтатылуы болса қызмет үшін төлемнің тоқтатылуына әкеледі.
Мысал үшін 1-Жеке шоттар бойынша қызметті беруді таңдаймыз. «Жеке шоттар бойынша қызметтерді басқару» құжатын толтырмас бұрын «Мектепке дейінгі білім беру қызметтері» анықтамалығында жаңа қызмет жүргізілгеніне көз жеткізу керек (анықтамалықтарды толтыру үшін «Мектепке дейінгі білім беру анықтамалықтары» тиісті нұсқаулығын қараңыз).
«Қызмет» қойындысына көшеміз. Бірінші жолда қызметтің қолданылу кезеңін, яғни қай күннен бастап екенін көрсету қажет.
Содан кейін қызметтің өзін көрсетеміз, ол үшін кодты қолмен енгізуге немесе тізімнен таңдауға болады.
«Өлшем бірлігі» өрісі автоматты түрде толтырылады.
Одан әрі қажетті Тарифті көрсетеміз, оны да анықтамалықта алдын ала толтыру қажет.
Қажет болған жағдайда жеңілдік пен кестені көрсетеміз.
Бұдан әрі келесі «Жеке шоттар тізімі» қосымша бетіне көшеміз. Құжаттың кестелік бөлігін толтыру үшін құралдар тақтасындағы «Жолдарды тізіммен қосу» командасын таңдаймыз.
Содан кейін балалардың тізімі пайда болады, қызметті тағайындағандарды таңдаймыз және «Дайын» түймесін басамыз. Бұдан әрі құжаттың кестелік бөлігі автоматты түрде толтырылды.
Барлық
қажетті ақпаратты
толтырғаннан
кейін осы құжатты
толтырған
қызметкердің
табельдік
нөмірін көрсетеміз
және оны құралдар
тақтасындағы
«Сақтау» түймешігі
арқылы сақтаймыз.
Сондай-ақ жазбаға
қол қою қажет,
себебі қол
қойылмаған
құжат одан әрі
есепке алынбайды.
Қызметтер үшін төлемді есептеу/шоттарды қалыптастыру.
Төлемдерді есептеу құжаттары.
Келесі қадам төлемді есептеу болады, ол үшін қол қойылған Табельдің негізінде тінтуірдің оң жақ батырмасын басу арқылы не «Байланысты құжаттар» арқылы құралдар тақтасында «Төлемді есептеу құжатын дайындау» командасын таңдаймыз.
Бұдан әрі ішінара толтырылған құжат ашылады, оның нөмірі мен күнін көрсетеміз.
«Бір ай үшін», «жыл», «есепке алу күні» және «Топ» өрістері автоматты түрде толтырылады.
Назар аударыңыз, келесі «Қызмет» өрісін толтырған кезде, төлемді есептеу осы қызмет үшін қатаң есептеледі, бірақ бұл өрісті көрсетпесе, төлемді есептеу құжаты көрсетілген топтың барлық қызметтері мен балалары бойынша толтырылады, тиісінше хабарлама-шоттар не бір топқа, не барлық қызметтер бойынша бір балаға қалыптастырылады.
Мысалда қызметті көрсетпейміз және бірден құжаттың кестелік бөлігін толтыруға көшеміз, «Есептеу» түймешігін басамыз, пайда болған диалогтықтерезесінде көрсетілген топтағы барлық балалардың тізімі көрсетілген, онда барлық немесе бірнеше баланы таңдауға болады, мысалда бір баланы таңдаймыз, содан кейін «Дайын» түймешігін басамыз.
Бұдан әрі барлық қызметтер бойынша таңдалған тәрбиеленушілерге автоматты түрде төлем есептеледі.
Орындаушыны көрсетеміз және құралдар тақтасында «Сақтау» түймешігін басу арқылы құжатты сақтаймыз. Содан кейін қол қою керек, «Қолы» батырмасы құжатқа қол қойылғанын және есептік жазбадағы деректерге әсер ететінін білдіреді.
Хабарлама-шоттар.
https://www.youtube.com/watch?v=HfNTxPoZSao
Одан әрі балаға төлем жасау үшін хабарлама-шоттарға көшеміз. Ол үшін қол қойылған төлем құжатының негізінде тінтуірдің оң жақ батырмасы арқылы «шот-хабарламаны қалыптастыруды дайындау» командасын таңдаймыз. Егер сіздің жағдайыңызда ақы есептеудің бірнеше құжаттары жасалса, онда бірнеше рет шот-хабарламалар дайындау қажет.
Қалыптастырылған шот-хабарламаларды «Байланысты құжаттар» түймешігі арқылы не «Мектепке дейінгі білім берудегі есеп» есепке алу бөлімінде, «Құжаттар» қойындысында қарауға болады және қажетті кезең үшін «Хабарламалар-шоттар» ашамыз (диапазондағы кезеңді көрсету).
или
Әрбір хабарлама-шотын қажетті құжаттағы «Есеп» батырмасы арқылы жеке басып шығаруға болады
немесе «Есептер» - «Ведомостар тізімі», Word таңдаймыз, қажетті кезеңді көрсете отырып «Көрсетілген қызметтер үшін хабарламалар тізімін» бөліп алып, «Алдын ала қарау» белгісін қойып және «Окей» түймешігін басу тізімді басып шығара аламыз.
Барлық мекеме бойынша хабарлама-шоттарын жүктеу үшін «Дайын» басу қажет, ал егер белгілі бір топ немесе бала бойынша қажет болса, онда оларды көрсетіп, «Дайын» басамыз. Мен өз мысалымда барлығын көргім келеді, сондықтан бірден «Дайын» дегенді басамын.
Бұдан әрі көрсетілген кезеңдегі барлық хабарлама-шоттар екі данада жүктелді.
Көрсетілген қызметтер үшін хабарламалар тізбесі (ата-аналарға email арқылы жіберу)
https://www.youtube.com/watch?v=u3ckRTvUnwU
Ата-аналарға түбіртектерді email-ге жіберу үшін «Есептер» қойындыларын басу қажет - «Ведомостар тізімі», Word көрсетеміз, қажетті кезеңді көрсете отырып «Көрсетілген қызметтер үшін хабарламалар тізімі (ата-аналарға email-ге жіберу)» таңдаймыз және «Окей» түймешігін басамыз.
Барлық мекеме бойынша хабарлама-шоттарды жіберу үшін «Дайын» дегенді басу қажет, ал егер белгілі бір топ немесе бала бойынша қажет болса, онда оларды көрсетеміз және «Дайын» дегенді басамыз. Бұдан әрі жүйе қабылдау туралы өтініште немесе баланың жеке карточкасында толтырылған түбіртектерді email арқылы ата-аналарға жібере бастайды.
Көрсетілген қызметтер үшін ата-ана төлемін енгізу
Соңғы кезеңде мекеменің есеп шотына көрсетілген қызмет үшін ата-аналар төлемінің түсімін пысықтаймыз.
Бұл операцияны «Ақша қаражатын есепке алу» есепке алу бөлімінде, «Құжаттар» қойындысы орналасқан «Банктен үзінді көшірме» құжаты арқылы жүргіземіз.
Кестелерді қарау ауқымында «ОК» түймешігін басамыз және «Тізім» қойындысына көшеміз, онда қажетті күн үшін үзінді көшірме бар жоғын қараймыз, егер бар болса, онда деректерді оған енгіземіз, егер жоқ болса, онда жаңасын жасаймыз.
Толтыруды көшірменің нөмірі мен күнін көрсетуден бастаймыз, егер ұйымның бірнеше есеп шоттары болса, онда қажетті ЖСК таңдау қажет. Одан әрі «Жол қосу» түймешігін басамыз.
Тінтуірдің оң жақ батырмасы арқылы «Түр» өрісінен - «Тізімді көрсету» - «ТТд - Төлем тапсырмасы есеп айырысу шотының дебеті» түрін таңдаймыз.
Содан кейін «Контрагент» жолында Бірлікті қойамыз - бұл Бір жолғы жеке тұлғалар.
«Шарт» өрісінде баланың жеке шотын енгізуге немесе көрсету командасы арқылы тізімді көрсетіп, қажеттіні таңдауға болады.
Сосын түсім сомасын көрсетеміз, Төлем балансының бабы 1102 - Жұмыстар мен қызметтерді сату, ТТК - 861 «Жеке тұлғаларға көрсетілген білім беру қызметтері үшін ақы төлеу және тағы басқа» деп көрсетілген.
Содан кейін көшірмені сақтаймыз және қол қоямыз.
Келесі қадаммен МТ-100 сыртқы төлем құжатын пысықтау қажет болады. Ол үшін осы жолды тінтуірмен екі рет басу арқылы кіріс төлем тапсырмасына көшеміз, құралдар тақтасында «Өзгерту» түймешігін басамыз.
Содан кейін деректердің дұрыстығын тексереміз және қажет болған жағдайда, мысалы, корреспонденциялық шотты, аналитиканы, қосымша белгіні және т.б. редакциялаймыз.
Бұдан әрі «Төлемдер тізілімі» қойындысында тінтуірдің оң жақ батырмасының не «Жолдарды тізіммен қосу» міндеттер тақтасындағы команданың көмегімен төлем құжатының мазмұнын көрсетеміз.
Одан әрі құжатты сақтаймыз және міндетті түрде «Қабылдау» түймесін басамыз.
Шоттар бойынша деректер автоматты түрде тіркеледі.
Құралдар тақтасындағы осы батырманы басу арқылы бухгалтерлік тізімдеме журналын қарау мүмкіндігі бар. Тек осыдан кейін ғана Банк үзіндісінде «ТТд» жолы бұдан былай қызыл түспен көрсетілмейтінін, яғни сыртқы төлем құжаты пысықталған болып есептелетінін көруге болады.
Көрсетілген қызметтер үшін артық төленген ата-ананың төлемін қайтару
Біріншіден, бұрын толтырылған «Баланы шығару туралы өтініш» негізінде. Бұрын жасалған өтінішті ашып, тінтуірдің оң жақ батырмасы арқылы мәтінмәндік мәзірді шақырамыз, мұнда «Ата-ананың төлемін қайтару туралы өтініш дайындау» командасын таңдаймыз.
Одан кейін ішінара толтырылған құжат ашылады, оны соңына дейін пысықтау қажет болады.
Толтыруды өтініштің нөмірі мен күнін көрсетумен бастаймыз.
Одан әрі өтініш берушінің деректерін, яғни қайтарылатын баланың ата-анасының немесе қамқоршысының деректемелерін енгіземіз.
Содан кейін оның ЖСН-ін көрсетеміз. «ЖСН тексермеу» белгісін белгілеу ҰСЫНЫЛМАЙДЫ.
Одан әрі бенефициардың кодын және экономика секторын көрсетеміз.
Келесі қайтару керек күнін көрсетеміз.
Содан кейін ЖСК (KZ386010002000936497) мен ата-ананың осы есеп шоты бар банкті енгізіп шығамыз.
Бұл өрісте ата-аналық төлемін қайтару үшін негіздемені көрсету қажет.
Әдепкі валюта - теңге.
Сондай-ақ, ата-ананың телефон нөмірін енгізу мүмкіндігі бар.
Құжаттың кестелік бөлігін толтыру үшін құралдар тақтасындағы «Жолдарды тізіммен қосу» командасын пайдаланамыз. Пайда болған диалогтық терезеде аударуға болатын жеке шоттар бойынша сальдо көрсетілген, яғни бұл ата-аналық төлемнің барлық түсімдерінен және қол қойылған хабарлама-шоттарынан есептелген сомалардың қалдықтары (алдын ала төлеу/артық төлеу). Назар аударыңыз, егер ата-ананың балабақшаға бірнеше баласы баратын болса, онда бірнеше жеке шоттарды таңдай аламыз.
Мысалда 2500 теңге артық төлем сомасы бар бір баланы көрсетіп, «Дайын» батырмасын басамыз.
Қажет болған жағдайда «Бағдарлама», «Ерекшелік» және «Қаржыландыру көзі» өрістерін толтырамыз.
Одан әрі орындаушыны көрсетеміз және құжатты сақтаймыз, содан кейін оған қол қою қажет.
Қажет болған жағдайда құралдар тақтасындағы «Есеп» түймешігін басып, «Ата-ананың төлемін қайтару туралы өтінішті» түрлі формада орыс және қазақ тілдерінде жүктеп, басып шығаруға болады.
Келесі қадам ақша қаражатын аудару болады, ол үшін құралдар тақтасындағы команданы немесе тінтуірдің оң жақ батырмасымен «МТ-100 төлем тапсырмасын дайындау» пайдалануға болады.
https://www.youtube.com/watch?v=WjTr1lgSjhc
Төлем
тапсырмасы
автоматты түрде
қалыптастырылады,
құжаттың нөмірін
қоып, сақтаймыз,
аудару үшін
басып жіберу
қажет.
Есептер.
Қызметтер бойынша берешекті талдау.
https://www.youtube.com/watch?v=-gQK3oaO3a0
Фаворит АЖ-дегі қызметтер бойынша берешекті талдауды қарау үшін «Мектепке дейінгі білім берудегі есеп» есепке алу бөлімінде, одан әрі «Есептер» қойындысынан «Ведомостар тізімін» таңдау керек.
Содан кейін «Параметрлерді көрсетіңіз» терезесінде «Эксель» формат түрін таңдап, төмендегі тізімнен есепті табамыз. Бұдан әрі «Қызметтер бойынша берешекті талдау» деп бөліп көрсетеміз, өрісте нысанды/форманы жүктеудің қажетті мерзімі көрсетіледі, келесі «Алдын ала қарау» белгісін белгілейміз және «ОК» басамыз.
Пайда болған диалогтық терезесінде бүкіл мекеме бойынша есепті жүктеу үшін «Дайын» дегенді басу керек, ал егер нысан/форма белгілі бір топ немесе балаға, валютаға немесе оқыту тіліне қажет болса, параметрлерді көрсетеміз де, содан кейін «Дайын» дегенді басамыз. Мысал үшін бүкіл мекеме бойынша талдауды ашамыз, сондықтан бірден «Дайын» дегенді басамыз.
Одан кейін жүктелген есеп ашылды. Нысанда/формада мынадай ақпарат көрсетілген: топ коды, қызмет коды, кезең басындағы сома, кезең ішіндегі және кезең соңындағы сома.
Жүктелген Excel құжатты тінтуірдің оң жақ пернесін басып, «Өрістер тізімін көрсету» дегенді таңдау арқылы қажетті түрге келтіруге болады. Яғни қажетті өрістерді қосу немесе оларды алып тастау, сондай-ақ бағандар мен жолдарды жылжыту арқылы иерархияны өзгерту арқылы есепті қайта құруға болады. Содан кейін оны сақтап, қажет болған жағдайда басып шығару қажет.
Бұдан әрі жүктелген есептік нысанды/форманы «Менің компьютерім», «Құжаттар», «FVR», «STATE», «Out» қалтасы, әрі қарай ұйым коды бар қалта және оның ішінде қалыптастырылған «Қызметтер бойынша берешекті талдау» есебі болады.
Дебиторлық/кредиторлық берешекті транскрипциялау/декодтау.
Фаворит АЖ-дегі дебиторлық/кредиторлық берешектің транскрипциясын қарау үшін «Мектепке дейінгі білім берудегі есеп» есепке алу бөлімінде, одан әрі «Есептер» қойындысынан «Ведомостар тізімін» таңдау керек.
Содан кейін «Параметрлерді көрсетіңіз» терезесінде «Кестелік» формат түрін таңдап, төмендегі тізімнен есепті табамыз. Бұдан әрі «Дебиторлық/кредиторлық берешектің транскрипциясын» деп бөліп көрсетеміз, өрісте нысанды/форманы жүктеудің қажетті мерзімі көрсетіледі, келесі «Алдын ала қарау» белгісін белгілейміз және «ОК» басамыз.
Пайда болған диалогтық терезеде бүкіл мекеме бойынша есепті жүктеу үшін «Дайын» дегенді басу керек, ал егер нысан/форма белгілі бір топ немесе балаға, валютаға немесе оқыту тіліне қажет болса, параметрлерді көрсетеміз де, содан кейін «Дайын» дегенді басамыз. Мысал үшін бүкіл мекеме бойынша талдауды ашамыз, сондықтан бірден «Дайын» дегенді басамыз.
Одан кейін жүктелген есеп ашылады. Нысанда/формада: жеке шот, баланың деректері, топтың коды, кезең ішіндегі және кезең соңындағы сомалар сияқты ақпарат көрсетілген.
Содан кейін оны сақтап, қажет болған жағдайда басып шығаруға болады.