1. Колледждерде контингентті есепке алу.

Құжаттар:

Есептер:

2. Ақылы негiзде оқитын студенттерге қызмет көрсету үшiн ақы төлеу - «Ақшалай қаражатты есепке алу» бөлiмi.

3. Студенттерге шәкіртақы.

























Контингентті есепке алу (колледж)

Бұл бөлім колледждерде контингентті есепке алудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Контингентті есепке алу жүйесінде ақылы негізде оқитын студенттер туралы деректер олардың тіркелу сәтінен бастап колледждерде оқуды аяқтағанға дейін жинақталады.

«Контингентті есепке алу» бөлімі мынадай қойындыларды қамтиды: анықтамалықтар, құжаттар, есептер және сервис.

Анықтамалықтар

Ақылы негізде оқитын студенттерді енгізу үшін Favorite бағдарламасындағы жұмысты «Білім берудегі есеп» бөліміндегі анықтамалықтарды толтырудан бастаймыз, онда «Колледж топтарын» таңдаймыз, содан кейін «Контингентті есепке алу» бөліміне көшеміз, анықтамалықтар: Тарифтер (колледж), Қызметтер (колледж), Жеңілдіктер (колледж), Жеке шоттар (колледж). «Колледждің білім беру біліктілігінің жіктеуіші» пайдаланушымен толтырылмайды және жүйеде есепке алу үшін пайдаланылады, сондай-ақ ақпараттық жүйе болып табылады.















Колледж топтары

https://youtu.be/crKohItoQ7g

«Колледж топтары» анықтамалығын толтыру үшін «Білім берудегі есеп» есеп бөліміне, одан әрі «Анықтамалықтар» қосымша бетіне кіріп, «Колледж топтарын» таңдаймыз.

Жаңа құжатты жасау үшін кесте деректерін қарау ауқымында «Қосу» түймешігін басу қажет. Сондай-ақ, «ОК» түймешігін басып, «Тізім» қойындысына өтіп, бұрын жасалған жазбаларды қарап шығуға болады.

Толтыруды бастаймыз, онда мекеменің коды мен атауы автоматты түрде толтырылады.


Оқу жылын көрсету керек, назар аударыңыз, күнтізбелік жылды емес, дәл оқу жылын толтыру қажет.

Одан әрі, оқу кезеңін толтырамыз – бұл студенттің осы топта оқу оқитын уақыт кезеңі.

Содан кейін кодты тағайындаймыз. Код колледждің шығарылған ішкі бұйрығы бойынша топтың атауына сәйкес келуі тиіс.

Колледждегі оқу ауысымын әдепкі бойынша 1 толтырылады, бірақ оны өзгертуге болады.

Әрі қарай «Топтың атауы» деген өрістерді қазақ және орыс тілдерінде толтырамыз. Қазақ тіліндегі атау дұрыс толтырылмаған жағдайда топтар атауының пунктінде мемлекеттік тілдегі есеп дұрыс қалыптастырылмайды.

Бұдан әрі «Оқыту түрі» өрісі автоматты түрде толтырылады.

Содан кейін «Оқу жоспары» өрісін толтырамыз, ол үшін көрсеткіні төмен басып, тізімнен қажетті жоспарды таңдап, ОК басамыз.

Әрі қарай, «Оқу режимі» өрісінде колледждің бекітілген ішкі бұйрығына сәйкес күніне студенттің оқу сағаттарын жазамыз.


Одан әрі «Оқу тілі» өрісін толтырамыз, ол үшін көрсеткіні төмен басамыз және тізімнен керегін таңдаймыз.

«Уақыт нормасын» толтырамыз, ол үшін көрсеткіні төмен басамыз және тізімнен керегін таңдап, содан кейін ОК басамыз. Бұдан әрі бұл ақылы қызметтерді есептеу үшін қажет болады.

Одан әрі топ жетекшісінің табельдік нөмірін жазамыз. Ол үшін көрсеткіні төмен басып, тізімнен қажетті қызметкерді таңдаймыз.

Содан кейін анықтаманы сақтаймыз, тінтуірдің оң жақ пернесі арқылы «Сақтау» командасын таңдаймыз немесе бұл команда құралдар тақтасында бар.

Толтырылған құжаттың үлгісі

Тарифтер (колледж)

https://www.youtube.com/watch?v=TWI7C9_jnfo

Тариф - бұл оқу орындары (колледждер) ұсынатын қызметтер үшін мөлшерлемелер жүйесі. Тарифтер (колледж) анықтамалығын жасау үшін «Контингентті есепке алу» есепке алу бөліміне кіру қажет, одан әрі «Анықтамалықтар» қосымша бетінен «Тарифтер (колледж)» таңдаймыз.

Жаңа құжатты жасау үшін кесте деректерін қарау ауқымында «Қосу» түймешігін басу қажет. Сондай-ақ, «ОК» түймешігін басып, «Тізім» қойындысына өтіп, бұрын жасалған жазбаларды қарап шығуға болады.

Толтыруды бастаймыз, онда мекеменің коды мен атауы автоматты түрде толтырылады.

кодты тағайындаймыз және тарифтің сипаттамасын қазақ және орыс тілдерінде жазамыз.

«Топ» өрісі → тарифтер автоматты түрде қалыптастырылады.

ұйымд. нысанды үшбұрышты басу арқылы толтырамыз және тізімнен ұйымдық нысанды таңдаймыз.

Көрсетілген ұйымдық нысанға контрагент үшін тарифтің қол жетімділігі ұйымдық нысанның тиісті түрімен байланысты болады.

«Тариф түрі» өрісінде «кезең үшін тарифті» көрсетеміз,

«Қызметтің ӨБ» (Қызметтің өлшем бірлігі) өрісінде үшбұрышты басу арқылы ұсынылған нұсқалардың ішінен таңдаймыз: ай, тоқсан, жарты жылдық, жыл және т.б..

Бұдан әрі валютаны көрсетеміз.

«Өзгерістер тарихы» қойындысына көшеміз, кесте бөлігінде тінтуірдің оң жақ пернесі арқылы «Жол қосу» немесе құралдар тақтасында таңдаймыз және тарифтің әрекет ету күнін көрсетеміз және тарифті жазып шығамыз.

Келесі «Қызметтер» қойындысы, онда осы тариф бойынша іске асыру болжанатын қызметтерді баптау қажет. Олар «Қызметтер (колледж)» анықтамалығындағы «тарифтер» қойындысын толтырғаннан кейін автоматты түрде қосылады, оларды «ықтимал қызметтер» өрісінен «таңдалған қызметтер» өрісіне, сілтемелері бар тиісті түймешіктерді пайдалана отырып ауыстырады. Өлшем бірлігі бойынша тарифке сәйкес келетін қызметтер ғана көрсетіледі.

Содан кейін құралдар тақтасындағы «Сақтау» түймешігі арқылы Тарифтер (колледж) анықтамалығын сақтау керек .

«Тарифтер» және «Қызметтер» анықтамалықтары өзара байланысты, бір анықтамалықтағы ақпарат автоматты түрде екіншісінде көрсетіледі.

Қызметтер (колледж)

https://www.youtube.com/watch?v=6_OVxvg_3Iw

«Қызметтер (колледж)» анықтамалығын жасау үшін «Контингентті есепке алу» есепке алу бөлімінде, одан әрі «Анықтамалықтар» қосымша бетінде «Қызметтер (колледж)» таңдаймыз.


Жаңа құжатты жасау үшін кесте деректерін қарау ауқымында «Қосу» түймешігін басу керек. Сондай-ақ, «ОК» түймешігін басып, «Тізім» қойындысына өтіп, бұрын жасалған жазбаларды қарап шығуға болады.

Толтыруды бастаймыз, онда мекеменің коды мен атауы автоматты түрде толтырылады.

Бұдан әрі «Қызмет» жолын толтыру қажет. Ол үшін: үшбұрышты басу арқылы кесте деректерін қарау ауқымы арқылы атауы бойынша қызметті сүзгіден өткіземіз.

«Атауы» жолында қызметті жұлдызшалар арқылы жазып, ОК басамыз.

Егер қызмет көрсетіліп тұрса, онда қажетті параметрлерге сәйкес келуі үшін орыс және қазақ тілдеріндегі атауын және өлшем бірліктерін тексеру керек. Егер қызмет болмаса, онда үш нүкте белгішесі арқылы жаңа қызметті енгіземіз.


«Іске асыру» қойындысын толтырамыз :

белгі қоямыз - іске асыруда пайдалану .

көрсеткіні төмен басып жұмыс жоспарынан шоттарды таңдау арқылы жұмыстарды/қызметтерді сатудан түскен кірістерді/табстарды есепке алу шотын жазамыз.

топтан үшбұрышты басу арқылы тізімнен талдаманы таңдаймыз: өнімді сатудан және қызмет көрсетуден түскен табыс және ОК басамыз.

«Үшбұрыш» командасын басып «ҚҚС бабы» жолын толтырамыз және қажетті ҚҚС бабын таңдаймыз немесе қолмен жазамыз. Мысалы: білім беру қызметтері үшін 0519 «Ғылым және білім беру саласындағы қызметтер, жұмыстар» таңдаймыз.

КТС бабын ҚҚС сияқты ұқсас тәсілмен таңдаймыз. Немесе қолмен жазамыз - 86.1 «Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатудан түскен табыс»

ББС, ерекшелігі, қаржыландыру көзін жазбаймыз.

Негізгі үшін - көрсеткіні төмен басу арқылы тізімнен таңдаймыз .


1. Егер білім беру қызметі болса, онда негіздемені - қызметтің негізгі бағытын жазамыз.

2. Жатақханадан орын ұсынумен байланысты қызмет болса, онда негіздемені - жатақханадан орын беруді таңдаймыз.


Содан кейін «Тарифтер» бөліміне көшеміз. Бұл қойындыны толтыру үшін алдын ала «Тарифтер (колледж)» анықтамалығын жасау қажеттігін ескеру қажет. Бұл қойынды осы қызмет үшін тарифтерді басқарады және өлшем бірлігі бойынша қызметке сәйкес келетін тарифтерді ғана көрсетеді. Баптау/теңшеу оларды «мүмкін» - нен «таңдалған элементтерге» тиісті функционалды көрсеткі түймелерінің көмегімен жылжыту арқылы жүзеге асырылады.


Одан әрі құралдар тақтасында «Сақтау» түймешігін басу арқылы жазбаны сақтаймыз .

«Қызметтер (колледж)» және «Тарифтер (колледж)» анықтамалықтары өзара байланысты, бұл бір анықтамалықтағы ақпаратты екіншісіндегі өзгерістер кезінде автоматты түрде жаңартуды білдіреді.

Жеңілдіктер (колледж)

https://www.youtube.com/watch?v=fJJ9pDPMLNc

«Жеңілдіктер (колледж)» анықтамалығын жасау үшін «Контингентті есепке алу» есепке алу бөлімінде, «Анықтамалықтар» қосымша бетінде және «Жеңілдіктер» таңдау қажет.

Жаңа құжатты жасау үшін кесте деректерін қарау ауқымында «Қосу» түймешігін басу керек. Сондай-ақ, «ОК» түймешігін басып, «Тізім» қойындысына өтіп, бұрын жасалған жазбаларды қарап шығуға болады.


Мекеменің коды мен атауы автоматты түрде қойылатын құжатты толтырамыз.

«Жеңілдік» түрін тізімнен үшбұрышты басу арқылы таңдаймыз



Кодты жазамыз.

Сипаттаманы қазақ және орыс тілдерінде жазамыз.

«Жеңілдік және үстемеақылар» тобы автоматты түрде жазылады.

Ұйымдастыру формасын таңдаймыз. Көрсеткіні төмен басу арқылы келесі ұйымдастыру формасын көруге болады: Жеке тұлға, Заңды тұлға, Жеке кәсіпкер, Топ кәсіпорны, Кәсіпорын қызметкері.


Содан кейін, жеңілдіктің түрін таңдаймыз - тізімнен, үшбұрышты басу арқылы, өйткені бұл түр студент үшін көзделген.

Содан кейін валютаны көрсетеміз.



«Өзгерістер тарихы» қойындысына көшеміз, кесте бөлігінде тінтуірдің оң жақ пернесі арқылы «Жол қосу» дегенді таңдаймыз, жеңілдіктің басталу күнін көрсетеміз, содан кейін % жеңілдікті енгізу керек.



Содан кейін құралдар тақтасындағы «Сақтау» командасын басу арқылы құжатты сақтау керек .


Жеке шоттар (колледж)

https://www.youtube.com/watch?v=cFiShLYW_ew

«Жеке шоттар (колледж)» анықтамалығы «Контингентті есепке алу» есепке алу бөлімінде, «Анықтамалықтар» қойындысында болады. Бұрын жасалған жазбаларды қарау үшін кесте деректерін қарау ауқымында «ОК» түймешігін басу керек, содан кейін бар деректер ашылады.


Бұл анықтамалық «Колледжге түсуге өтініш» немесе «Колледжге қабылдау туралы бұйрық» құжаттарын толтырғаннан кейін автоматты түрде толтырылады.

Жеке шоттарды (колледж) «Колледжге түсуге өтініш» құжаты арқылы «Байланысты құжаттар» командасы арқылы құралдар тақтасынан көруге болады. Сондай-ақ, тінтуірдің оң жақ батырмасын басып студенттің «Колледжге қабылдау туралы бұйрық» құжаты арқылы, «Жеке шоттарды дайындау (колледж)» командасын таңдау жолымен жеке шоттарды дайындауға болады.


Содан кейін ішінара толтырылған «Жеке шоттар (колледж)» құжаты ашылады, онда «негізгі деректер» қойындысына шарттың нөмірін және студенттің жеке шотын жазамыз. Құжат өтініш берушімен және колледжмен қызмет көрсетуге жасалған шарт негізінде толтырылады.


Қалған қойындылар: «Шартқа ерекшелік», «Контрагенттің деректемелері», «Кәсіпорынның деректемелері» автоматты түрде «Колледжге түсуге өтініш» және «Колледжге қабылдау туралы бұйрық» құжаттарының негізінде толтырылады.

Әрі қарай, тінтуірдің оң жақ батырмасы арқылы мәтінмәндік мәзірді шақырамыз және «сақтау» командасын таңдау немесе құралдар тақтасындағы «Сақтау» командасын басу арқылы құжатты сақтаймыз .



Колледждің жеке шоттары бойынша қызметтерді басқару.

https://youtu.be/AEBcn_BZLNs

«Колледждің жеке шоттары бойынша қызметтерді басқару» құжаты жеке шоттар бойынша қызметті иемдену не қызметтер бойынша тарифті немесе жеңілдікті өзгерту қажет болған жағдайда, сондай-ақ студенттерге арналған жеке шоттар/шарттар бойынша қызметті тоқтату қажет болған жағдайда толтырылады. Ол «Құжаттар» қойындысындағы «Контингентті есепке алу» есепке алу бөлімінде орналасқан.

Кесте деректерін қарау ауқымында жаңа құжат жасау үшін «Қосу» батырмасын басу керек. Сондай-ақ, «ОК» түймешігін басып, «Тізім» қойындысына өтіп, бұрын жасалған жазбаларды қарап шығуға болады.


Құжатты толтырамыз, онда мекеменің коды мен атауы автоматты түрде қойылады.

Одан әрі құжаттың нөмірі мен күнін көрсету қажет.

«Топ» өрісін толтырып, көрсеткіні төмен басып, бұрын жүйеде жасалған колледждің барлық топтарын көрсететін тізімнен таңдаймыз.

Операция түрін таңдаймыз:

1-Жеке шоттар бойынша қызмет көрсету студенттерге қосымша жаңа қызмет көрсетуді көздейді;

2-Тарифті, кестені, қызметтер бойынша жеңілдіктерді өзгерту-тарифті, кестені өзгерту үшін операцияның бұл түрі немесе бұрыннан берілген қызметтегі жеңілдіктер;

3-Жеке шоттар бойынша қызметті тоқтату бұл қызмет ақысын тоқтатуды білдіреді.


«Қызмет» қойындысына өтеміз.

Бірінші жолда әрекет ету мерзімін көрсетеміз, әдепкі деректер «Колледж топтары» анықтамалығынан тартылады, бұл күндерді өзгертуге болады.


Содан кейін қызметті көрсетеміз. Ол үшін қызмет кодын қолмен жазуға немесе кесте деректерін қарау ауқымында көрсеткіні төмен қарай басу арқылы қажетті қызметті таңдаймыз және OK басуға болады.

«Өлшем бірлігі» өрісі автоматты түрде толтырылады.

«Тариф» өрісінде қажетті Тарифті көрсетеміз, оны да тиісті анықтамалықта алдын ала толтыру қажет.

Қажет болған жағдайда жеңілдікті көрсетеміз.

Қызметтер үшін ақы төлеу тәсілін мына нұсқалардан: 01-Өз қаражаты есебінен ақы төлеу, 02-Мемлекеттік білім беру гранты, 03-Жергілікті бюджет гранты, 04-Оқу орнының гранты және 05-Бөгде ұйыммен шарт, көрсеткіні төмен басу арқылы таңдаймыз.



Келесі Төлеуші және «Төлеушімен шарт» өрістері 02-ден 05-ке дейін төлем тәсілімен көрсетілетін қызметтер үшін ғана толтырылады.




Келесі «Жеке шоттар тізімі» қойындысына көшеміз.

Құжаттың кестелік бөлігін толтыру үшін құралдар тақтасынан «Жолдарды тізіммен қосу» командасын таңдаймыз. Қолда бар тізімнен біз қызмет көрсететін студенттерді бөліп көрсету керек және «Дайын» түймесін басамыз.


Табличная часть документа заполняется автоматически.


Барлық қажетті ақпаратты толтырғаннан кейін осы құжатты толтырған қызметкердің табельдік нөмірін көрсетеміз және оны құралдар тақтасындағы «Сақтау» түймешігі арқылы сақтаймыз.

Құжатқа қол қоямыз. Егер «Қол» түймешігі сары түспен жарықтандырылса, онда бұл құжатқа қол қойылмағанын және одан әрі есепке алынбайтынын көрсетеді.


Колледжге түсуге өтініш.

https://youtu.be/4rVOi2MW1s4

Студентті колледжге қабылдау үшін «Колледжге түсуге өтініш» құжатын толтыру қажет, «Контингентті есепке алу» есепке алу → Құжаттар → Колледжге түсуге өтініш бөліміне өту қажет.

Кесте деректерін қарау ауқымында жаңа құжат жасау үшін «Жаңа жазба қосу» батырмасын басу керек. Сондай-ақ, «ОК» басып, «Тізім» қойындысына өтіп, бұрын жасалған жазбаларды көруге болады.


Толтыруды бастаймыз, онда мекеменің коды мен атауы автоматты түрде толтырылады.

Бұдан әрі түскені туралы өтініштің нөмірі мен күнін толтырамыз.

«Құжаттарды қабылдауды сұраймын» деген жолда студенттің жеке деректерін енгіземіз - тегі, аты, әкесінің аты, содан кейін оқуға қабылданушының ЖСН.

« тобына, оқыту тілімен» өрісінде көрсеткіні төмен басу арқылы тізімнен оқу тілін таңдаймыз .


одан әрі «мамандық бойынша» және «біліктілігімен» деген жолдарды толтырылады. Көрсеткіні төмен басу арқылы оқу жоспарының тізімінен қажетті мамандықты, Техникалық және кәсіптік білім біліктілігінің жіктеуішінен біліктілікті таңдаймыз.


Өтініш берушінің деректері қойындысына көшеміз, онда мыналарды толтырамыз:

азаматтығы, тізімнен белгішемен таңдау арқылы азаматтығы бар елді көрсетеміз.

студенттің туған күні мен жынысы көрсетілген ЖСН негізінде автоматты түрде жасалады, қажет болған жағдайда өзгертуге болады.

ұлты, көрсеткіні төменге басу арқылы ұсынылған тізімнен ұлтын таңдау керек.

«Негіздеме» жолында студенттің жеке басын куәландыратын құжатты таңдаймыз, мысалы, «91 - Жеке куәлік» және одан әрі оның нөмірін, берілген күнін және құжатты кім бергенін толтыру қажет.



Келесі қойынды – Үй мекенжайы туралы ақпарат. Мекенжайдың түрін таңдаймыз - тіркелу немесе нақты. Сондай-ақ көрсетілген мекенжай бойынша тіркелген күнін жазамыз. Өрістер: Ел, Облыс, Аудан, Елді мекен автоматты түрде толтырылады. Қажет болған жағдайда оларды өңдеуге болады. Содан кейін көшені, үйдің нөмірін, пәтердің нөмірін және студенттің үй телефонын көрсетеміз.


Соңғы қадаммен «Ақылы қызметтер» қойындысын толтырамыз, оған студенттің колледжде алатын қызметтері туралы ақпаратты енгізу керек. Қызметті қосу үшін мәтінмәндік мәзірді тінтуірдің оң жақ түймешігімен шақырып, «Жол қосу» командасын таңдаймыз, одан әрі «Қызметті» «Тізімді көрсету» командасы арқылы көрсетеміз.

Қызметті таңдаймыз.

Қызмет енгізілгеннен кейін тариф автоматты түрде қалыптастырылады және қажет болған жағдайда «Жеңілдік» көрсетіледі.

Әрі қарай, төлем әдісін тінтуірдің оң жақ түймешігін басу арқылы диалогтық терезесінен «Тізімді көрсетуден» таңдауымыз керек.


Ұсынылған тізімнен таңдаймыз: қызметтер үшін төлем әдісі: 01-өз қаражаты есебінен төлеу, 02-мемлекеттік білім беру гранты, 03-жергілікті бюджет гранты, 04-оқу орнының гранты, 05-үшінші тарап ұйымымен шарт.


Төлем тәсiлiн мұқият таңдау керек, өйткенi одан кейiнгi төлем құжаттарын толтыру соған байланысты. Төлеуші және «Төлеушімен шарт» жолдары 02-ден 05-ке дейін төлем тәсілімен көрсетілетін қызметтер үшін ғана толтырылады. Қажет болған жағдайда ұқсас тәсілмен қызметтерді қосымша қосуға болады.



Барлық қажетті ақпаратты толтырғаннан кейін орындаушының табельдік нөмірін көрсетеміз және құралдар тақтасындағы «Сақтау» командасын пайдалана отырып, құжатты сақтаймыз. Сақталғаннан кейін колледжге түсуге өтінішке қол қоямыз.


Әрі қарай студентті Колледжге қабылдау туралы бұйрықтар дайындалады.

Колледжге қабылдау туралы бұйрық.

https://www.youtube.com/watch?v=XKY-gvtM3d0

Колледжге қабылдау туралы бұйрықты толтыру үшін толтырылған «Колледжге түсуге өтініш» құжатын ашамыз және тінтуірдің оң жақ пернесі арқылы «Колледжге қабылдау туралы бұйрықты дайындау» командасын таңдаймыз.


Жүйе ішінара толтырылған бұйрықты генерациялайды, оның деректері колледжге түсуге арналған өтініштен көшіріледі.

Қалған өрістерді толтыру ғана қалады, атап айтқанда құжаттың нөмірі мен күнін көрсетеміз.

Содан кейін бұйрықтың қолданылу күнін толтырамыз.

«в» өрісінде оқуға қабылдау үшін колледж тобын таңдаймыз. Біз топты Үшбұрыш командасын басу арқылы ұсынылған тізімнен таңдаймыз.

«Мамандық» және «Біліктілік» өрістері колледжге түсуге арналған өтініштің деректерінен автоматты түрде қалыптастырылады.

Келесі «Мәтіндер» қойындысы. Бұйрықтың мәтіндік бөлігін толтыруға болады.

Қажетті ақпаратты толтырғаннан кейін басшының табельдік нөмірін көрсетеміз және құралдар тақтасындағы «Сақтау» түймешігі арқылы құжатты сақтаймыз. Содан кейін Қолы түймешігін басамыз, себебі құжат одан әрі есепке алынады.


Колледжге қабылдау туралы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін «Студенттің жеке карточкасы» автоматты түрде жасалады, оған өту үшін «Жеке іс» батырмасын басу керек.

Колледж қызметтері үшін есептеу құжаттары.

https://youtu.be/lGtEVI_RL4A

«Контингентті есепке алу» бөлімінде «Құжаттар» қойындысында колледж қызметтері үшін есептеу құжатын ашамыз.

Жаңа құжатты жасау үшін кестесінің деректерін қарау ауқымында «Қосу» түймешігін басамыз.

Колледж қызметі үшін есептеу құжатын толтырамыз, онда мекеменің коды мен атауы автоматты түрде қалыптастырылады. Содан кейін құжаттың нөмірі мен күнін толтырамыз, күні автоматты түрде қалыптастырылады.

«Үшін» деп көрсетеміз - бұл қызмет үшін төлемнің есептелген айы мен жылы.

«Топ» және «Қызмет» өрістерін үшбұрышты төмен басып, ұсынылған тізімнен таңдаймыз. Немесе қызметті таңдамай, есептеу таңдалған топтың барлық қызметтері бойынша қалыптасады.


Құжаттың Кесте бөлімінде келесі командаларды пайдаланамыз: «Есептеу» немесе құралдар тақтасында «Жолдарды тізіммен қосу» . Пайда болған терезеде қызмет үшін ақы есептелетін студентті/студенттерді тізімнен таңдаймыз, бөлеміз және «Дайын» командасын басамыз.

Барлық деректемелер автоматты түрде толтырылады. Барлық қажетті ақпаратты толтырғаннан кейін орындаушының табельдік нөмірін көрсетеміз және құралдар тақтасындағы «Сақтау» командасын пайдалана отырып, құжатты сақтаймыз. Сақталғаннан кейін колледж қызметі үшін есептелген құжатқа қол қояды.


Колледж қызметтері үшін шот-хабарламалар.

https://youtu.be/vi-oN4vkyGE

Шот-хабарлама көрсетілген қызметтер үшін уақтылы ақы төлеу қажеттігі туралы хабарлама болып табылады. Бұл құжат «Контингентті есепке алу» бөлімінде - «Құжаттар» қойындысында - Колледж қызметтері үшін шот-хабарламаларда орналасқан.

Шот-хабарлама екі тәсілмен қалыптастыруға болады:

  1. Колледж қызметі үшін бұрын қалыптастырылған есептеу құжатын ашу керек. Тінтуірдің оң жақ батырмасының көмегімен мәтінмәндік мәзірді шақырып, «Шот-хабарламаларды қалыптастыру (колледждер)» таңдаймыз, содан кейін осы колледж қызметі үшін есептеу құжаты бойынша хабарлама шоттары қалыптастырылады.





Қажет болған жағдайда «Есеп» командасы арқылы құжатты басып шығаруға болады: параметрлерді таңдау → белгісін қою арқылы алдын ала қарау → ОК.




Шот-хабарлама екі данада қалыптастырылады: Word және PDF.


2. Тізіммен шот-хабарламаларды қалыптастыру. Контингентті есепке алу → «Сервис» қойындысы → Контингентті есепке алу бойынша есептер (колледж) бөліміне кіру.


Шот-хабарламаларды қалыптастыру (тізім) → Кезеңді таңдау → ОК басу.


Бұдан әрі, бүкіл мекеме бойынша жүктеу үшін «Дайын» түймесін басамыз → шот-хабарламалар және орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілері қалыптастырылады.

Шотабарлама- екі данада қалыптастырылады.

Қалыптастырылған шот-хабарламаларды әрбір студент бойынша құралдар тақтасында немесе «Есептер» қойындысында орналасқан «Байланысты құжаттар» командасы арқылы қарауға болады → Ведомостар тізімі (колледж) → «S01: Қызметтер үшін шот-хабарламалар тізімі» кестелік форматта → кезеңін көрсете отырып → белгісін қоя отырып Алдын ала қарау → «ОК».

Хабарлама шоттары екі данада қалыптастырылады.



Орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілері

https://www.youtube.com/watch?v=TmYsRka1brQ

Колледжде ақылы қызметтер үшін орындалған жұмыстардың актілері шот-хабарламалар негізінде автоматты түрде жасалады. Құжаттарды «Құжаттар» қойындысындағы «Жұмыстар/қызметтер» бөлімінде қарауға болады. Деректерді нақтылау үшін толтырылған сүзгіні пайдалануға болады: «Құжат түрін» - 2, «бума» -V621 таңдаймыз және ОК басамыз.

Құжатты «Есеп» командасының көмегімен Word параметрлері арқылы екі тәсілмен басып шығаруға болады: 1) қызметтер және студенттердің ТАӘ бөлінісінде орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актілері. 2) қызметтер бөлінісінде орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі (қысылған).



Орындалған жұмыстар актісі негізінде шот-фактура (жұмыстар мен қызметтер) қалыптастырылады. Шот-фактураны мәтінмәндік мәзір және «Шот-фактураны (жұмыстар мен қызметтерді) дайындау» командасын таңдау арқылы дайындауға болады.



Басқа топқа ауыстыру туралы бұйрық

https://youtu.be/icID7nxvUaY

Студентті колледждің басқа тобына ауыстыру туралы құжатты толтыру үшін «Контингентті есепке алу» есепке алу бөліміне өту қажет, одан әрі «Құжаттар» қойындысында «Басқа топқа ауыстыру туралы бұйрықты» ашамыз.

Егер студент бір топтан екінші топқа ауысқан жағдайда, басқа топқа ауысу туралы бұйрық қолданылады.

Жаңа құжатты жасау үшін кесте деректерін қарау ауқымында «Қосу» түймешігін басу қажет. Сондай-ақ, «ОК» түймешігін басып, «Тізім» қойындысына өтіп, бұрын жасалған жазбаларды қарап шығуға болады.

Бұйрықты толтырамыз, онда мекеме және бұйрықтың санаты автоматты түрде толтырылады.

Бұдан әрі бұйрықтың нөмірі мен күнін, сондай-ақ бұйрықтың қолданылу күнін көрсетеміз.

«Аудару» өрісін толтыру үшін үшбұрыш белгішесін басу арқылы басқа топқа аудару қажет студентті тізімінен таңдау қажет.

«В» өрісінде үшбұрышты төмен басу арқылы ұсынылған тізімнен таңдау арқылы студентті аудару қажет колледж тобын көрсетеміз.

«Мамандық» және «Біліктілік» деген жолда үшбұрышты төмен басып, Техникалық және кәсіптік білім біліктілігінің жіктеуішінен мамандықты, біліктілікті таңдаймыз.

«Негіздемені» көрсетеміз. Мысалы: өтініш

Қажетті ақпаратты толтырғаннан кейін басшының табельдік нөмірін қоямыз. Одан әрі құралдар тақтасында «Сақтау» командасы арқылы құжатты сақтаймыз. Бұйрыққа қол қоямыз. Егер «Қолы» түймешігі сары түспен жарықтандырылса, құжат одан әрі есепке алынбайды.


Колледжден шығару туралы өтініш. https://www.youtube.com/watch?v=Hi1pHjnDyAI

Колледжден шығу туралы бұйрық.

https://youtu.be/Vo6eSVLrJA4

Студентті колледжден шығару үшін «Колледжден шығару туралы өтініш» толтыру қажет, содан кейін «Колледжден шығару туралы бұйрық» немесе «Колледжден шығару туралы бұйрық (тізім)» құжаты қалыптастырылады.

Құжаттарды толтыру үшін «Контингентті есепке алу» есепке алу бөліміне өту қажет, одан әрі «Құжаттар» қойындысында Колледжден шығару туралы өтінішті ашамыз.

Кесте деректерін қарау ауқымында жаңа бұйрық жасау үшін «Қосу» батырмасын басу керек немесе «ОК» батырмасын басып, «Тізім» қойындысына өтіп, бұрын жасалған құжаттарды көруге болады.


Колледжден шығару туралы өтінішті толтырамыз, онда мекеме және бұйрықтың санаты автоматты түрде толтырылады.

Бұдан әрі өтініштің нөмірі мен күнін көрсетеміз.

«Оқудан шығаруыңызды сұраймын» өрісінде үшбұрышты төмен басу арқылы оқудан шығару қажет студентті таңдау қажет.

Үшбұрышты төмен басу арқылы ұсынылған тізімнен «Шығу себебі» өрісін толтырамыз.

«Негіздеме» өрісін толтырамыз.

Құжаттың кестелік бөлігінде өтініш беруші - студенттің деректері автоматты түрде толтырылады.

Қажетті ақпаратты толтырғаннан кейін директордың табельдік нөмірін тексереміз және құралдар тақтасындағы «Сақтау» түймешігі арқылы құжатты сақтаймыз. Содан кейін құжатқа қол қоямыз.


Колледжден шығару туралы өтініштің негізінде тінтуірдің оң жақ батырмасымен мәтінмәндік мәзірді шақырып, «Колледжден шығу туралы бұйрық» жасаймыз.

Бұйрықтың нөмірі мен күнін толтырамыз.

Директордың табельдік нөмірін тексереміз және құралдар тақтасындағы «Сақтау» түймешігі арқылы құжатты сақтаймыз. Содан кейін оған қол қоямыз, себебі егер «Қолтаңба» батырмасы сары түспен жарықтандырылса, құжат одан әрі есепке алынбайды.



Оқу ақысын қайтару туралы өтініш

https://youtu.be/BL_wKFbQ8bE

Құжатты толтыру үшін «Контингентті есепке алу» есепке алу бөліміне өту қажет, одан әрі «Құжаттар» қойындысында Оқу ақысын қайтару туралы өтінішті ашамыз. Оқу ақысын қайтару туралы өтініш студенттің оқу үшін пайдаланылмаған сомасын қайтару үшін жасалады. Құжат бұрын жасалған Колледжден шығару туралы өтініш негізінде жасалады. Тінтуірдің оң жақ түймешігі арқылы мәтінмәндік мәзірді шақырамыз, мұнда «Оқу үшін төлемді қайтару туралы өтінішті дайындау» таңдаймыз.

Ішінара толтырылған құжат ашылады, онда келесі өрістерді толтыру қажет болады:

Құжаттың нөмірі мен күні;

Өтініш берушінің, студенттің Т.А.Ә.

ЖСН;

Бенефициардың коды, ЖСК, студенттің есеп шоты орналасқан банкті жазамыз;

Қайтару негізі үшбұрышты төмен басу арқылы тізімнен таңдалады.


Құжаттың кесте бөлігінде:

жеке шот, ТАӘ және код автоматты түрде жазылады;

толтырамыз - сомасы теңгемен;

есеп шоты;

талдау;

қосымша белгі.



Барлық қажетті ақпаратты толтырғаннан кейін осы құжатты толтырған қызметкердің табельдік нөмірін көрсетеміз және оны құралдар тақтасындағы «Сақтау» түймешігі арқылы сақтаймыз. Қол қоямыз, себебі «Қолы» түймешігі сары түспен боялса, құжат бұдан әрі есепке алынбайды.

Студенттің жеке карточкасы

https://youtu.be/bUACHlEF_9k

Колледжде студенттердің жеке деректерін көрсету үшін «Студенттің жеке карточкасы» құжаты арналған. Оны қарау үшін «Құжаттар» қойындысының «Контингентті есепке алу» есеп бөліміне өту қажет.

Бұл жазбаны жасаудың қажеті жоқ, себебі ол студентті қабылдау туралы құжаттардың негізінде автоматты түрде жасалады, сондықтан кесте деректерін қарау ауқымында «ОК» түймешігін басамыз.



Осы құжаттың барлық жазбаларын көру үшін «Тізім» қойындысына өтеміз.

Деректерді нақтылау үшін сүзгіні пайдалануға, студенттің кодын, нөмірін, жасалған күнін және т.б. көрсетуге болады.

Құжатты өңдеу үшін құралдар тақтасындағы «Өзгерту» командасын басамыз.

Карточканың бірнеше қойындысы бар:


Бірінші қойынды «Жынысы, ұлты, азаматтығы».

Бұл қойынды «Колледжге түсуге өтініш» деректерінен автоматты түрде толтырылады, олар: ЖСН, жынысы, азаматтығы, ұлты, оқу тілі, ана тілі.

Келесі қойынды студенттің туған күні мен жері, жеке басын куәландыратын құжат туралы ақпаратты білдіреді.

Содан кейін «Оқушының тұратын жері, ата-анасы немесе оларды алмастыратын адамдар туралы мәліметтер». Қажет болған жағдайда осы қойындыдағы деректерді енгізуге, өзгертуге немесе толықтыруға болады.

«Оқуға түсу, басқа ұйымға ауысу және өзге де шығулар туралы мәліметтер» деген соңғы қойындыға ақпарат студенттің тиісті бұйрықтарынан қосылады, оған осы колледжден екіншісіне ауысу туралы деректер және өзге де шығулар кіреді.

Студенттің жеке карточкасына барлық қажетті деректерді енгізгеннен кейін, оны тінтуірдің оң жақ түймешігін басу арқылы немесе құралдар тақтасындағы «Сақтау» түймешігін басу арқылы сақтау керек.




Контингенттер бойынша есептер.

Колледж контингентін талдау

https://youtu.be/-aEX9HvejqY

S61A «Контингентті талдау» есебін қалыптастыру үшін «Контингентті есепке алу» есепке алу бөліміне өту қажет, «Есептер» қойындыда «Контингентті есепке алу жөніндегі ведомості (колледж)» таңдау қажет.

Содан кейін «Параметрлерді көрсетеміз» терезесінде «Excel» формат түрін таңдаймыз және төмендегі тізімнен есепті табамыз. «Кезең» өрісінде нысанды жүктеудің қажетті мерзімі көрсетіледі, келесі «Алдын ала қарау» белгісін белгілейміз және ОК басамыз.



Содан кейін жүктелген есеп ашылады. Нысанда келесідей ақпарат көрсетілген: ұйым, төлем әдісі, оқу тобы, мамандығы, біліктілігі, саны, ұлты, жынысы және барлығы.

Контингенттер бойынша есепті егжей-тегжейлі құру үшін меңзерді кез келген ұяшыққа тінтуірдің оң жақ түймешігін басу арқылы орнатқанда «Өрістер тізімін көрсету» терезесі шығады. Оң жақ бұрышта диалогтық терезе шығады, онда қосу үшін өрістерді таңдау қажет (аты-жөні, ұлты, оқу тілі және т.б.) → барлық көрсеткіштер колледж бойынша контингенттер бойынша талдауда автоматты түрде көрсетіледі.




Содан кейін оны сақтап, қажет болған жағдайда басып шығаруға болады.

Бұдан әрі жүктелген есеп нысанын «Менің компьютерім», «Құжаттар», «FVR», «STATE», «Out» қалтасынан табуға болады, одан әрі ұйым коды бар қалта және ішінде қалыптастырылған «Колледж бойынша контингентті талдау» есебі болады.


Колледж қызметтері бойынша берешекті талдау

https://youtu.be/JBSorbXCOaw

S06 «Колледж қызметтері бойынша берешекті талдау» есебін қалыптастыру үшін «Контингентті есепке алу» есепке алу бөліміне өту қажет, «Есептер» қойындысынан «Ведомостар тізімін (колледж)» таңдау қажет.



Содан кейін «Параметрлерді көрсетеміз» терезесінде төмендегі тізімнен «Excel» формат түрін таңдаймыз. «Кезең» өрісінде нысанды жүктеудің қажетті мерзімі көрсетіледі, келесі «Алдын ала қарау» белгісін белгілейміз және ОК басамыз.

Пайда болған диалогтық терезесінде бүкіл мекеме бойынша есепті жүктеу үшін «Дайын» түймешігін басу қажет. Егер нысан белгілі бір топ, студенттің Т.А.Ә, немесе оқыту тілі бойынша қажет болса, онда параметрлерді көрсетеміз және содан кейін «Дайын» басамыз.

Содан кейін есеп ашылады. Нысанда келесі ақпарат көрсетілген: топ коды, қызмет коды, қызмет атауы, кезеңнің басындағы сома, кезеңдегі сома және кезең соңындағы сома.

Егжей-тегжейлі есеп жасау үшін тінтуірдің оң жақ батырмасын басу арқылы курсорды кез келген ұяшыққа орналастырасыз, сонда «Өрістердің тізімін көрсету» терезесі пайда болады.


Оң жақ бұрышта есеп өрістерін қосу немесе жою үшін өрістерді таңдау қажет болатын диалогтық терезе пайда болады, осылайша бағандар мен жолдарды жылжыту арқылы есепті өзгертуге болады. Барлық көрсеткіштер автоматты түрде колледж қызметтері бойынша берешек талдауында көрсетіледі.



Содан кейін оны сақтап, қажет болған жағдайда басып шығаруға болады.

Бұдан әрі жүктелген есептік нысанды «Менің компьютерім», «Құжаттар», «FVR», «STATE», «Out» қалтасынан табуға болады, одан әрі ұйым коды бар қалта және ішінде қалыптастырылған «Колледж қызметтері бойынша берешекті талдау» есебі болады.



Колледж қызметтері үшін дебиторлық/кредиторлық

берешектің мағынасын ашу (декодтау)

https://youtu.be/v5sPr5GjO74

S05 «Колледж қызметі үшін дебиторлық/кредиторлық берешектің мағынасын ашу» есебін қалыптастыру үшін «Контингентті есепке алу» есепке алу бөліміне өту қажет, «Есептер» қойындысында «Ведомостар тізімін (колледж)» таңдау қажет.

Содан кейін «Параметрлерді көрсетеміз» терезесінде «Кесте» форматы түрін таңдай отырып, төмендегі тізімнен есепті табамыз. «Кезең» өрісінде нысанды жүктеудің қажетті мерзімін көрсетеміз, келесі «Алдын ала қарау» белгісін белгілейміз және ОК басамыз.

Пайда болған диалогтық терезеде бүкіл мекеме бойынша есепті жүктеу үшін «Дайын» түймешігін басу қажет, ал егер нысан белгілі бір топ, студенттің Т.А.Ә, немесе оқу тілі бойынша қажет болса, онда параметрлерді көрсетеміз, содан кейін «Дайын» түймешігін басамыз.

Есеп қалыптастырылады.

Қажет болған жағдайда құралдар тақтасында орналасқан «Есеп» командасы арқылы құжатты басып шығаруға болады.

2. Студенттердің көрсетілген қызметке ақы төлеуі

https://youtu.be/z5Q4GP3bb_Y

Студенттердің ақылы қызметтерге ақы төлеуі мекеменің есеп шоттарына енгізіледі.

Бұл операцияны «Ақша қаражатын есепке алу» есепке алу бөлімінде, «Құжаттар» қойындысында орналасқан банктің үзінді көшірмесі құжаты арқылы жүргіземіз.


Осы кестелерді қарау ауқымында ОК басып, тізім қойындысына көшеміз және қажетті күн үшін үзінді көшірменің бар-жоғын қараймыз, егер бар болса, онда деректерді оған енгіземіз, егер жоқ болса, онда «Қосу» арқылы жаңасын жасаймыз.

Толтыруды көшірменің нөмірі мен күнін көрсетуден бастаймыз, егер мекеменің бірнеше есеп шоттары бар болса, онда қажетті ЖСК таңдау қажет.

Одан әрі, құжаттың кесте бөлігінде құралдар тақтасындағы «Жол қосу» командасын пайдаланамыз. Жолды қосамыз. «ТДі» типін таңдаймыз - төлем тапсырмасы есеп айырысу шотының дебеті.

Содан кейін «Контрагент» жолағына 1 - ҚР резиденттері жеке тұлғалар деп жазамыз.

«Шарт» өрісінде студенттің жеке шотын жазамыз немесе тінтуірдің оң жақ батырмасын басу арқылы «Тізімді көрсету» командасы арқылы таңдап аламыз. «Төлем мақсаты» толтырамыз

Түсім сомасын, қаржылық позицияны және КТС көрсетеміз.

Құралдар тақтасындағы «Сақтау» түймешігін басу арқылы банк үзінді көшірмесін сақтаймыз.

Содан кейін МТ-100 сыртқы төлем құжатын → кіріс төлем тапсырмасын пысықтау қажет болады. Бұл үшін осы жолда тінтуірді екі рет басу арқылы кіріс төлем тапсырмасына көшеміз, құралдар тақтасында «Өзгерту» түймешігін басамыз. Содан кейін деректердің дұрыстығын тексереміз және қажет болған жағдайда, мысалы, корреспонденциялық шотты, талдауды, қосымша белгіні және т.б. редакциялаймыз. Одан әрі «Жолдарды тізіммен қосу» командасының көмегімен Төлемдер тізілімі қойындысында аудару міндеттемесін көрсетеміз. Одан әрі құралдар тақтасындағы «Сақтау» түймешігі арқылы құжатты сақтаймыз және «Оқуға қабылдау» түймешігін басамыз.

Құралдар тақтасындағы түймешігін басу арқылы бухгалтерлік өткізулер журналын қарау мүмкіндігі бар.

Осыдан кейін ғана банктің үзінді көшірмесінде «ТДі» жолы қызыл түспен көрсетілмейтінін, яғни сыртқы төлем құжаты толығымен пысықталғанын көруге болады.



Студенттерге шәкіртақыны есептеу және аудару

https://youtu.be/kOzXEV8Vh64

Мемлекеттiк шәкіртақылар оқу орындарында (колледжде) оқитын студенттерге тағайындалады және төленедi.

Студенттерге шәкіртақы тағайындау үшін Favorite бағдарламасында мыналарды құру керек:

1. Колледж тобының атауы бар ШПЖ (шығындардың пайда болу жерлері). ШПЖ Анықтамалықтар → Ұйымның анықтамалықтары қойындысында есептің кез келген бөлімінде қолжетімді.

Жаңа құжатты жасау үшін кесте деректерін қарау ауқымында «Қосу» түймешігін басу қажет. Сондай-ақ, «ОК» түймешігін басып, «Тізім» қойындысына өтіп, бұрын жасалған жазбаларды қарап шығуға болады.

Жаңа ШПЖ қосу үшін «Қосу» түймешігін басамыз.

Мекеменің коды мен атауы автоматты түрде толтырылады.

ШПЖ көрсетеміз.

Атауын қазақ және орыс тілдерінде жазамыз.

Құралдар тақтасындағы «Сақтау» түймешігі арқылы ШПЖ деректерін сақтаймыз.

  1. Студенттің табельдік нөмірлер кітабын толтырамыз, ол есептің кез келген бөлімінен, Анықтамалықтар → Ұйымның анықтамалықтары қойындысында қол жетімді.

Кесте деректерін қарау ауқымында бұрын жасалған жазбаларды қарау үшін ОК түймешігін басып, содан кейін Тізім қойындысына өту керек; ал жаңа анықтаманы жасау үшін «Жаңа жазба қосу» түймешігін басамыз.

Бірегей табельдік нөмірді көрсетеміз;

«Құжат түрі» өрісінде «Студенттерге шәкіртақы және оқушыларға ынталандыру төлемдері»;

Студенттің Т.А.Ә.

Одан әрі, «Жалпы» қойындысын толтыруға көшеміз.

Студенттің қажетті ЖСН жазамыз;

«Туған күні» және «Жынысы» өрістері автоматты түрде толтырылады.

Одан әрі студенттің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеміз.


Осылайша, шәкіртақы алатын барлық студенттерге табельдік нөмірлер жасаймыз.

«Өндіріс» қойындысында үшбұрышты басу арқылы ұсынылған тізімнен, ШПЖ-ны таңдап қосамыз.

.

Құралдар тақтасындағы «Сақтау» түймешігі арқылы анықтаманы сақтаймыз.

3. «Еңбек және жалақы» есепке алу бөлімінде «Құжаттар» → «Қызметкерлер бойынша құжаттар» → «Құжаттар - тұрақты есептеулердің негіздері» қойындысын толтырамыз.

Жаңа құжатты жасау үшін кесте деректерін қарау ауқымында «Қосу» түймешігін басу қажет. Сондай-ақ, «ОК» түймешігін басып, «Тізім» қойындысына өтіп, бұрын жасалған жазбаларды қарап шығуға болады.


Құжатты толтырамыз, онда мекеменің коды мен атауы автоматты түрде толтырылады.

Құжаттың нөмірі мен күнін толтырамыз.

«Қызметкер» жолында - үшбұрыш түймесін басу арқылы тізімнен студентті таңдаймыз.

Төлем түрі - 656 «Студенттер мен оқушыларға шәкіртақы» деп жазамыз немесе тізімнен үшбұрыш түймесін басу арқылы таңдаймыз.

Кезең қойындысында-құжаттың басталу күнін жазамыз.


«Есеп» қойындысында «Арнайы есеп» белгісін қоямыз

Шәкіртақы сомасын жазамыз.

«Есеп» қойындысы → шот→ ББСЕрекшелік→ Қаржыландыру көзі, үшбұрышты түймешікті басу арқылы тізімнен таңдаймыз.


Барлық деректерді толтырғаннан кейін, құжат құралдар тақтасындағы «Сақтау» түймешігі арқылы сақталады.

4. «Еңбек және жалақы» есепке алу бөлімінде «Құжаттар» қойындысында → «Қызметкерлер бойынша құжаттар» → «Аудару туралы өтінішті» толтырамыз.

Жаңа құжатты жасау үшін кесте деректерін қарау ауқымында «Қосу» түймешігін басу қажет. Сондай-ақ, «ОК» түймешігін басып, «Тізім» қойындысына өтіп, бұрын жасалған жазбаларды қарап шығуға болады.

Құжатты толтырамыз, онда мекеменің коды мен атауы автоматты түрде қалыптастырылады. Өтініштің түрін үшбұрыш түймешігін басу арқылы тізімнен таңдаймыз.

Үшбұрыш түймешігін басу арқылы тізімнен студентті таңдаймыз.


«Есептеу үшін» қойындысында басталу күнін жазамыз.




Содан кейін «Аударуға арналған деректемелер» қойындысында «Банктегі шотқа» бағытын таңдаймыз. Одан әрі, шәкіртақыны есептеу үшін студенттің банктік деректемелерін толтырамыз.

Құралдар тақтасындағы «Сақтау» түймешігі арқылы құжатты сақтаймыз.


5. Шәкіртақыны аудару үшін: есеп айырысу ведомосын, аудару тізімін, тізіммен төлем тапсырмаларын (МТ102) жасаймыз.